2024 WIPO Global Award 2024 сыйлығына өтінімдерді қабылдау

2024 WIPO Global Award 2024 сыйлығына өтінімдерді қабылдау

Осымен Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемесі болып табылатын Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (бұдан әрі - ДЗМҰ) 2024 жылғы WIPO Global Award 2024 Премиясына өтініштерді қабылдауды бастағанын хабарлаймыз (ережелері қосымшада берілді).

Премияға Қазақстанның шағын және орта бизнесі, сондай-ақ, стартаптары қатыса алады. Аталған премияның мақсаты  - зияткерлік меншікті коммерциялау, оны әлемде ілгерілету және креативті экономиканы дамыту.

Өтініштер а.ж. 15 қаңтар мен 31 наурыз аралығында, https://global-awards.wipo.int/ сілтемесі арқылы, Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми алты тілінің  (ағылшын, араб, қытай, орыс, француз, испан) бірінде қабылданады.

Премияны ұтып алғандар Женева қаласында (Швейцария) өтетін Премияны табыстау салтанатты рәсіміне шақырылады. Барлық шығындарды ДЗМҰ тарапы өтейді. Сондай-ақ, жеңімпаздарға ДЗМҰ тарапынан халықаралық жарнама және жеке тәлімгерлік ұсынылады.

 Былтырғы өткен Премияның қорытындысы мен жеңімпаздары бойынша ақпаратты келесі сілтеме арқылы алуға болады   https://www.wipo.int/global-awards/ru/2023/.