Конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурсты ұйымдастырушы: «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» ММ.

         Электрондық пошта мекенжайы: nacionalproekt503873@mail.ru

         Байланыс телефоны:  8/7212/50-38-73.

         Конкурстың нысанасы:  Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беру.

           Конкурс нысаны: ашық конкурс.

Конкурсқа қатысу үшін өтінім беру орны: «KEZEKTE.KZ» субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша электрондық өтінім мен конкурстық құжаттаманың толық пакетін ұсынады.

Өтінімді дайындау, құжаттарды жинау және ұсыну мәселелері бойынша консультациялық қолдау алу орындары:

Қарағанды қаласының кәсіпкерлері үшін: «Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, пошталық мекенжайы: 100012, Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 39, 103-кабинет, электрондық пошта мекенжайы: guop_karaganda@mail.ru; байланыс телефоны: 8 (7212) 421505;

Балқаш қаласының кәсіпкерлері үшін: «Балқаш қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, пошталық мекенжайы: 100300, Балқаш қаласы, Уәлиханов көшесі 5, 11-кабинет, электрондық пошта мекенжайы: blhop@mail.ru; байланыс телефоны: 8 (71036) 45257;

Приозерск қаласының кәсіпкерлері үшін: «Приозерск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, пошталық мекенжайы: 101100, Приозерск қаласы, Балқаш көшесі 5, 317 кабинеті, электрондық пошта мекенжайы: prio_op@mail.ru; байланыс телефоны: 8 (71039) 53381;

Саран қаласының кәсіпкерлері үшін: «Саран қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ, пошталық мекенжайы: 101200, Саран қаласы, Жамбыл көшесі 67, 108-кабинет электрондық пошта мекенжайы: sar_predprinimatel@krg.gov.kz; байланыс телефоны: 8 (72137) 74030;

Теміртау қаласының кәсіпкерлері үшін: «Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, пошталық мекенжайы: 101400, Теміртау қаласы, Тәуелсіздік бульвары көшесі, 9, 331-кабинет, электрондық пошта мекенжайы: gu_tem@mail.ru байланыс телефоны: 8 (7213) 410147;

Шахтинск қаласының кәсіпкерлері үшін: «Шахтинск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, пошталық мекенжайы: 101600, Шахтинск қаласы, Қазақстан көшесі 101, электрондық пошта мекенжайы: gu_opp@mail.ru; байланыс телефоны: 8 (72156) 50026;

"Абай ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" ММ, пошта индексі 100100, Абай ауданы, Абай қаласы, Ә.Молдағулова көш. 41, кабинет 3. Электрондық пошта: abay_opp@mail.ru байланыс телефоны: 8 (72131) 41991, 40546;

Ақтоғай ауданының кәсіпкерлері үшін: «Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ, пошталық мекенжайы: 100200, Ақтоғай ауылы, Бөкейхан көшесі 19, электрондық пошта мекенжайы: aktogai_opp@mail.ru; байланыс телефоны: 8 (71037) 21327;

Бұқар Жырау ауданының кәсіпкерлері үшін: «Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ, пошталық мекенжайы: 100400, Ботақара кенті, Қазыбек Би көшесі 50А, 1 кабинеті, электрондық пошта мекенжайы: otdpp@mail.ru; байланыс телефоны: 8 (72154) 22230;

Қарқаралы ауданының кәсіпкерлері үшін: «Қарқаралы ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ, пошталық мекенжайы: 100800, Қарқаралы қаласы, Т.Әубәкіров көшесі, 19, 2 кабинеті, электрондық пошта мекенжайы: serik_toleubek@mail.ru; байланыс телефоны: 8 (72146) 32080, 31996;

Нұра ауданының кәсіпкерлері үшін: «Нұра ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ, пошталық мекенжайы: 100900, Нұра кенті, Абай көшесі 48, 2 кабинеті, электрондық пошта мекенжайы: opp_nura@mail.ru; байланыс телефоны: 8 (72144) 22126;

Осакаров ауданының кәсіпкерлері үшін: «Осакаров ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ, пошталық мекенжайы: 101000, Осакаровка кенті,                   Х. Байғабылов көшесі 48, электрондық пошта мекенжайы: otd_predpr_or@mail.ru; байланыс телефоны: 8 (72149) 42247;

Шет ауданының кәсіпкерлері үшін: «Шет ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ, пошталық мекенжайы: 101700, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылы, Шортанбай Жырау көшесі, 10, электрондық пошта мекенжайы: shet_opp@mail.ru; байланыс телефоны: 8 (71031) 21214, 50844.

«Атамекен» аймақтық кәсіпкерлер палатасы және олардың Қарағанды облысының қалалары мен аудандарындағы филиалдары.

           Өтінімдерді ұсыну мерзімі: 2023 жылғы "4" қыркүйектен бастап 2023 жылғы "11" қыркүйекке дейін.

Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылдауға жатпайды.

Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің ресми сайтында танысуға болады: https:// https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-kasipkerlik/documents/1?lang=kk.

 

2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде жаңа
бизнес-идеяларды іске асыруға
мемлекеттік гранттар беру
қағидаларына
1-қосымша

Экономиканың басым секторларының тізбесі

ЭҚЖЖ коды

Атауы

1

2

Агроөнеркәсіптік кешен

01

01.11 "Дәнді дақылдарды (күріштен басқа), бұршақ және майлы дақылдарды өсіруді" қоспағанда, өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда қызметтер көрсету

03

Балық аулау және балық өсіру

10

Тамақ өнімдерін өндіру

11.06

Уыт өндіру

11.07

Алкогольсіз сусындарды, минералды суларды және басқа да бөтелкелерге құйылатын сусындарды өндіру

Жеңіл өнеркәсіп және жиһаз өндірісі

13

Тоқыма бұйымдарын өндіру

14

Киім өндіру

15

Былғары және оған жататын өнімдерді өндіру

16

Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіру; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіру

17

Қағаз және қағаз өнімдерінің өндіру

18

Полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат жеткізгіштерін жаңғырту

20

Химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіру

21

Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру

22

Резеңке және пластмасса бұйымдар өндіру

31

Жиһаз өндіру

Құрылыс материалдары және өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісі

23

Өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіру

Металлургия, металл өңдеу, машина жасау

24

Металлургия өндірісі

25

Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру

26

Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндіру

27

Электр жабдықтарын өндіру

28

Басқа топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндіру

29

Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндіру

30

Басқа көлік құралдарын өндіру

33

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

Өнеркәсіптің басқа да секторлары

32

Өзге де дайын бұйымдар өндіру

35.11.4

Жел электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.5

Күн электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.9

Өзге де электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.2

Су электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

38

Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру)

39

Ластануды жою жөніндегі қызмет және қалдықтарды жою саласындағы өзге де көрсетілетін қызметтер

Көлік және қоймалау

45.2

Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу

49.3

Құрлықтағы өзге де жолаушылар көлігінің қызметі

49.41

Жүк автомобиль көлігінің қызметі

50

Су көлігінің қызметі

52

Жүктерді қоймалау және қосалқы көлік қызметі

53

Табиғи монополиялар саласына жататын қызметті қоспағанда, пошта және курьерлік қызмет

Туризм

55.10

Қонақ үйлердің және тұруға арналған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі

55.20

Демалыс күндеріне және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдерінде тұрғын үй беру

55.30

Кемпингтердің, автофургондарға арналған тұрақтардың және тұруға арналған автотіркемелердің қызмет көрсетуі

Ақпарат және байланыс

58

Баспа қызметі

59.14

Кинофильмдерді көрсету жөніндегі қызмет

61

Телекоммуникациялар

62

Компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және басқа ілеспе көрсетілетін қызметтер

Меншік немесе жалға алынған мүлікті басқару немесе жалға беру

68.20.1

Қойма ғимараттары мен алаңдарын жалдау

68.20.2

Қойма ғимараттары мен алаңдарын жалдау (қосалқы жалдау)

Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет

69.2

Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы қызмет; салық салу жөнінде консультация беру

71

Сәулет, инженерлік ізденістер; техникалық сынақтар мен талдау саласындағы қызмет

72

Ғылыми зерттеулер және әзірлемелер

74

Өзге де кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

75

Ветеринариялық қызмет

Жалдау, жалға беру және лизинг

77.11

Жеңіл автомобильдер мен жеңіл автокөлік құралдарын жалдау және лизинг*

Ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру жөніндегі қызмет

81

Ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру жөніндегі қызмет

Білім беру

85

Білім беру

Денсаулық сақтау және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер

86

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

87

Тұратын жерді қамтамасыз етіп әлеуметтік қызметтер көрсету

88

Тұратын жерді қамтамасыз етпей әлеуметтік қызметтер көрсету

Өнер, ойын-сауық және демалыс

91

Кітапханалардың, архивтердің, музейлердің қызметі және мәдениет саласындағы өзге де қызметтер

93

Спорт, ойын-сауықты ұйымдастыру (дискотекалар мен караокені қоспағанда) саласындағы қызмет

Өзге де көрсетілетін қызмет түрлерін ұсыну

95

Компьютерлерді, жеке пайдаланылатын заттар мен тұрмыстық тауарларды жөндеу

96.01

Тоқыма және тері бұйымдарын жуу және (химиялық) тазалау

 

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға үміткер кәсіпкерлер өтінімге PDF форматындағы құжаттардың мынадай сканерленген көшірмелерін қоса береді:

      1) басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған, өтінім беру кезіндегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы анықтама (бар болса);

          2) "2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкердің "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өткенін растайтын, ескіру мерзімі 3 (үш) жылдан аспайтын құжаттың көшірмесі;

         3) ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20 % мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды қоса қаржыландырудың (бизнес-жобаға қатысатын ақшалай қаражатпен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) болуын растайтын құжаттар, кәсіпкердің ағымдағы шотында ақшалай қаражаттың болуы туралы банктік шоттан үзінді көшірме немесе жылжымалы және жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымайтын мүлік;

         4) кәсіпкердің экономиканың басым секторларында қызметті жүзеге асыруы туралы мәліметтері бар дара кәсіпкерді тіркеу туралы хабарламаның көшірмесі (ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылы нәтижесінде мәліметтер түспеген жағдайда).