Ұлттық зияткерлік меншік институты

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Ұлттық зияткерлік меншік институты (бұдан әрі – Qazpatent) ел экономикасының өзекті бағыттарын дамытудағы зияткерлік меншіктің рөлін, халық арасында зияткерлік меншік құқықтарын құрметтеу мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын, сондай-ақ бүкіл әлемдегі әйелдердің инновациялық, шығармашылық және кәсіпкерлік әлеуетін тану қажеттілігін түсіне отырып, Халықаралық зияткерлік меншік күнін мерекелеу аясында а.ж. 26 сәуірінде «Әйелдер және зияткерлік меншік – инновациялар мен шығармашылықтың катализаторы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізуді жоспарлап отыр.

Көптеген жылдар бойы әйелдердің тапқырлығы мен шығармашылығы біз өмір сүріп жатқан әлемнің келбетін қалыптастырып келеді. Әлемнің барлық бөліктеріндегі әйелдер революциялық ғылыми жаңалықтар ашуда, шығармашылық қызмет бағытын белгілеп жатыр, сондай-ақ бизнеспен айналысып әлемнің өзгертуіне үлкен үлес қосуда.

Жоспарланған іс-шара зияткерлік меншікке байланысты ғылым, технология, шығармашылық және бизнес саласындағы өзекті мәселелерді талқылау үшін платформа болып келеді.

Осыған орай, Qazpatent Сізді дөңгелек үстелге қатысуға шақырады, сондай-ақ осы ақпаратты өңіріңіздің шығармашылық, ғылыми (қатысушыларды тіркеу сілтемесі: https://forms.gle/UKckS6fxbWAArQkF6).

Дөңгелек үстел бағдарламасы одан әрі жетілдіріледі (https://drive.google.com/drive/folders/1_mP2BUJDcqpDVwIMOzy4AI7oGXFLxil4?usp=sharing).

Байланыс үшін тұлғалар: А.Сапарғали (a.sapargali@kazpatent.kz, +7 7172 621 519), А.Ұлханова (a.ulkhanova@kazpatent.kz, +7 7172 621 562).