Отандық өндірушілер көрмесіне қатысу орнын ұтып алыңыз!
Құрметті кәсіпкерлер! 5-6-7 мамыр күндері Алматыда «Даму» Қорының қолдауын алған кәсіпкерлердің «ULTTYQ ÓNIM» атты көрмесі өтеді.
Жетінші рет ұйымдастырылып отырған дәстүрлі көрмеге қатысқысы келетін басқа да кәсіпкерлер үшін конкурс ұйымдастырылып, тегін 5 стенд ұтысқа шығатынын қуана хабарлаймыз. Конкурс жеңімпазы Қор клиенті болмаса да көрмеге тегін қатысып, үш күн бойы өз өнімдерін сатып, жарналамауға, пайдалы шарттарға қол жеткізуге мүмкіндік алады.
Конкурс шарттары:
«Даму» Қорынан қолдау алмаған кәсіпкер болу;
@funddamu аккаунтына жазылу;
осы постты stories-та бөлісу;
инстаграмда пост (фото, видео немесе reels) жариялап, #конкурс_ulttyqonim2023 хэштегін қою. Постта тауарыңыз жайлы әңгімелеп, «ULTTYQ ÓNIM» көрмесіне көрмесіне қатысуға не себепті ынтық екеніңізді жазып, @funddamu аккаунтын белгілеп, көрме өтетін жер мен уақытын көрсете кету шарт.
Конкурсқа пост 10 сәуірге дейін қабылданады.
Ескерте кететін жайт: бізге жазылу, репост жасау мен пост жариялау тек бір ғана аккаунттан қабылданады. Ол аккаунт компанияның, тауар немесе брендтің бизнес-парақшасы болуы да мүмкін. Арнайы конкурс үшін ғана ашылған аккаунттар қатыспайды.
«ULTTYQ ÓNIM» көрмесіне орай өтетін конкурс нәтижесі 14 сәуір күні постқа қойылған лайктар саны мен көп лайк жинаған посттарға дауыс беру арқылы Қордың телеграм-каналында анықталады.