Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңының 2 бабына сәйкес 25 қазан күні Ұлттық мереке болып атап өтіледі.  2022 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімімен 24.10.2022 жыл демалыс күні болып белгіленді.

 Қазақстан Республикасының Жер кодексіне және шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурсты ұйымдастыру және өткізу Ережелеріне сәйкес, Қарағанды облысының Нұра ауданының әкімдігі Сізге шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша жариялаған конкурстың қорытындысын өткізу күні 2022 жылдың 24 қазанынан 2022 жылдың 26 қазанына ауыстырылуы туралы хабарлайды. 

Конкурстық комиссиясының отырысын өткізу орны, уақыты және онлайн трансляциясы өзгертілмейді.