
Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) тізіліміне енгізу үшін өтінімдер қабылдауды жариялайды.
Өтінімдерді қабылдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы № 733 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады.
Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу үшін құжаттар 2022 жылдың 1 қыркүйегінен 2022 жылдың 15 қыркүйегіне дейін жұмыс күндері мына мекен-жай бойынша қабылданады: Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 13, каб. 306. Электрондық пошта мекенжайы: socpr22@mail.ru. Сондай-ақ құжаттар пошта арқылы жіберілуі мүмкін.
Анықтама телефоны: 8 (7212) 503876.