Ақпарат

Ақпарат

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) сүт өндіру және қайта өңдеу саласындағы халықаралық және отандық тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен 13-ші Cүт олимпиадасының өткізілетіні туралы хабарлайды.

Іс-шара тәуелсіз халықаралық сарапшылардың қатысуымен 2022 жылғы 22-27 мамыр аралығында Алматы қаласында (Rixos Hotels) өткізіледі.

Іс-шараның мақсаты-сүт индустриясының өзгеруіне әсер ететін факторларды, Қазақстанның сүт нарығындағы тұтынушылық сұраныс пен баға конъюктурасын, сүт өнімдерінің импортын азайтуды, деректерді талдау мен коммуникациялардың заманауи жүйелерін пайдалана отырып, жануарларды азықтандырудың жаңа тәсілдерін, адами ресурстарды басқарудан табынды басқаруға технологиялар трансферін және т. б. талқылау болып табылады.

Іс-шара шеңберінде тақырыптық жарыстар, кәсіпорындарға техникалық турлар, Алматы облысы шаруашылықтарының шаруашылықтары мен көрікті жерлері бойынша экскурсиялық сапарлар өткізіледі.

Қатысу және тіркеу бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, іс-шараны ұйымдастырушы Михаил Александрович Мищенкоға хабарласуыңызды сұраймыз, тел.+7(705)2088685.