Қазіргі уақытта Қазақстанның ауыл әйелдерінің кезекті өңірлік және мерейтойлық V Республикалық форумына дайындық жүріп жатыр. Өңірлік форумдар онлайн режимде ұйымдастырылып, онда кәсіпкерлікті дамыту, ауылдағы өмір сүру сапасын арттыру, еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларға байланысты мәселелер және оларды шешу жолдары талқыланады. Әр облыстардан жиналған әйелдердің өз жетістіктері туралы баяндамалары дәстүрлі болып қала береді. Ағымдағы жылдың 16 қыркүйегіне жоспарланған форум қатысушыларының саны әр облыстан 150 адамнан кем болмауы тиіс.
Бұдан бөлек, Қазақстанның ауыл әйелдерінің V Республикалық мерейтойлық форумын 2022 жылғы 11 қарашада Нұр-сұлтан қаласында оффлайн режимінде өткізу жоспарланып отыр. Қорытынды іс-шараға Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, бірқатар министрліктер, Еуропалық Қайта Құру және даму банкі, «CocaCola» халықаралық қоры, ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтандағы Бағдарламалар офисінің өкілдері шақырылатын болады. Спикерлер ретінде алыс және жақын шет елдерден шақырылғандартартылатын болады.