Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Қазгидромет» (бұдан әрі - «Қазгидромет») өсімдік шаруашылығындағы мамандандырылған ақпараттың қолжетімділігін жақсарту мақсатында «AgroData» фермеріне арналған web-қосымша әзірлеп, іске қосты.
Бұл қосымша өсімдік шаруашылығында барынша сұранысқа ие нақты және болжамды ақпаратты қамтиды және кез келген электрондық құрылғылардан қажетті ақпаратты алуға мүмкіндік береді.
Фермерлерге арналған «AgroData» арнайы қосымшасы мемлекеттік және орыс тілдерінде мына сілтеме бойынша қолжетімді https://agrodata.kz/