Меню

Страницы

Статья

Туризм

Туризм саласындағы шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары

Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін субсидиялауға және өтеуге өтінімдер қабылдауды жүзеге асырады.

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап шағын және орта бизнес шығыстарының бір бөлігін өтеу үшін мемлекеттік қолдау шараларының пакеті іске қосылды (2021 жылғы 30 сәуірдегі «Туристік қызмет туралы» Заңға түзетулер негізінде):

1) сыйымдылығы жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, 8-ден астам отыратын орны бар көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін  көлік құнының 25% мөлшерінде өтеу (автобусты мақсатсыз пайдалануға және 5 жыл ішінде иеліктен шығаруға жол берілмейді).

Негізгі талаптар:

– Мақсатты аудитория - туроператорлар, турагенттер, гидтер.

- Автокөлік сатып алу 2022 жылғы 1 қаңтардан ерте емес.

 

 

2) туристік қызмет объектілерін салу/реконструкциялау кезіндегі өтемақы (объектіні салу және (немесе жөндеу) құнының 10 пайызы).

негізгі талаптар:

- Мақсатты аудитория - табиғи объектілер және табиғи-климаттық аймақтар, көрікті жерлер, тарихи және әлеуметтік-мәдени көрсету объектілері және саяхат кезінде туристің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын өзге де объектілер.

- Объектіні пайдалануға беру 2022 жылғы 1 қаңтардан ерте емес.

 

3) Жол бойындағы сервис объектілерін (мотельдер, қонақ үйлер, кемпингтер, ТҚС, АЖҚС, тамақтану, сауда, медициналық көмек байланысы пункттері) салуға шығындардың 10% - ы мөлшерінде өтемақы.

Негізгі талаптар:

- Жол бойындағы белдеуде орналасқан және жүру жолында жол жүрісіне қатысушыларға қызмет көрсетуге арналған.

- Объектіні пайдалануға беру 2022 жылғы 1 қаңтардан ерте емес.

 

4) СГТ-ны ұстауға арналған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау (мүгедек адамдарға арналған жеке кабиналары бар абаттандырылған жеке тұрған стационарлық немесе жылжымалы құрылыс). Қолдау мөлшері-айына 83 300 теңге.

Негізгі талаптар:

- Туристер үшін тартымды аумақтарда және оларға бару жолдарында болуы;

- Мүгедектерге, ерлер мен әйелдерге арналған желдету, жылумен жабдықтау, жарықтандыру жүйелерімен және жеке гигиена құралдарымен жабдықталған жеке кабиналардың болуы).

Құжаттарды қабылдау: «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» ММ.

Пошталық мекенжайы: 100000; Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 13, каб.304.

Электрондық пошта мекенжайы: a.tleubaev@karaganda-region.gov.kz.

Толық ақпарат: Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 13, каб.304 немесе байланыс телефоны бойынша: 87212/503874.

Дата публикации
01 апреля 2022
Дата обновления
01 апреля 2022
Тип

Сейчас читают

01 ноября 2024
31 июля 2024
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер
Бағыттар
13 февраля 2024
Агроөнеркәсіптік кешен

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы