Саран қаласы экономикасының нақты секторын дамыту
Саран қаласының экономикасы индустриялық мамандандыруға ие. Қалада көмір, резина және пластмасса бұйымдары, телекоммуникациялық және электр техникалық өнімдері, қағаз негізіндегі санитарлық-гигиеналық өнімдер сияқты өнеркәсіп өнімдерінің түрлері шығарылады, автобустар шығару, тұрғын үй және өнеркәсіптік құрылысқа арналған материалдардың кең спектрі иегрілді.
Барланған және ықтимал көмір қорларының көп мөлшері тау-кен саласын базалық қорлардың бірі ретінде таңдаудың алғышарттары болып табылады. Осы саланың негізгі кәсіпорындары: «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің құрамына кіретін және көмір өндіруді жүзеге асыратын Т. Күзембаев атындағы және «Саран» шахталары.
Өңдеу өнеркәсібі өнеркәсіптік өндірісте негізгі рөл атқарады және өнеркәсіптік өндірістің 81,4% - ын құрайды. Мамандандыру салалары: жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндіру, резина және пластмасса бұйымдарын, қағаз негізіндегі санитарлық-гигиеналық өнімдерін өндіру, басқа да металл емес минералды өнімдерді өндіру, машина жасау.
Өңдеу өнеркәсібі құрылымындағы тауашалардың бірін тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары, атап айтқанда шұжық өнімдері мен жартылай фабрикаттар өндіретін «Дедов» ЖШС және нан мен нан-тоқаш өнімдерін өндіретін «Astyk Аlem» ЖШС және шағын наубайханалар алады.
Жеңіл өнеркәсіпте тоқыма және тігін бұйымдарын шығаратын кәсіпорындар бар.
Ішкі саланың негізгі кәсіпорындары «Galex plus» Саран тігін-трикотаж фабрикасы ЖШС, «Perfect Technologi Style» ЖШС, «Азия тех» ЖШС, Аменова ЖК, «АРОС Group» ЖШС, тігін және трикотаж бұйымдарын шығару бойынша «AV Group» ЖШС болып табылады.
Кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру бойынша кіші салада «Евромет» ЖШС ферроқорытпаларды, кальций карбидін өндіру кезінде, фосфор өнеркәсібінде орташа температуралы-тиімді көміртекті қалпына келтіргіш кокс өндіру бойынша жұмыс істейді, сондай-ақ олар тұрмыстық қажеттіліктер үшін түтінсіз отын ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісін шағын кәсіпорындар ұсынады. Осы саладағы негізгі кәсіпорын - дезинфекция құралдарын өндіру бойынша «Гросфарм» ЖШС.
Резина және пластмасса бұйымдарын өндіруді конвейер таспаларын, жетек белдіктерін, қалыптық және қалыптық емес бұйымдарды, резеңкеден жасалған жеңдерді, пластмассадан жасалған құбырлар мен олардың фитингтерін, металл пластик бұйымдарын шығаратын кәсіпорындар жүзеге асырады.
Резинатехникалық және пластмасса бұйымдарының негізгі өндірушілері «Восход» ЖШС, «СКЭП» ЖШС, «Сараньстеклопакет» ЖШС, «Карал plast» БК ЖШС, «Казфитингпласт» ЖШС, «Aqua plast» ЖШС және т.б. болып табылады.
2021 жылы жаңа өндіріс игерілді - атап айтқанда, «Yutong» маркалы автобустар мен арнайы техника өндірісі.
Сонымен қатар, өңірдің тарихи қалыптасқан мамандануы мен қазіргі жай-күйі өңдеуші саланы одан әрі дамыту үшін барлық қажетті артықшылықтарға ие.
Құрылыс материалдарын өндіруге бағдарланған бірқатар кәсіпорындар жұмыс істейді: «СК Завод ЖБИ-5» ЖШС, тауарлық бетон, жабын плиталарын, қадаларды өндіру бойынша, ірі панельді үй құрылысы элементтері бар темірбетон бұйымдарын өндіру бойынша «ККК Бетон» ЖШС, арнайы мақсаттағы тұтқыр заттарды өндіру бойынша «Геополимер» ЖШС және тағы басқалар.
Құрылыс материалдары өндірісінде тұрғын үй және өнеркәсіптік құрылыстағы жергілікті материалдар мен құрылымдардың үлесін арттыру үшін резерв жасалады. Сала ішкі нарық үшін түйінді салалардың бірі болып қала береді, өйткені өңірде де, одан тыс жерлерде де тұрғын үй құрылысын, өнеркәсіптік мақсаттағы объектілердің, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым объектілерінің құрылысын қамтамасыз етеді. Облыс шегінде: жергілікті шикізатты пайдалана отырып, бірқатар өндірістерді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін шикізат базасы, кадрлар мен дамыған инфрақұрылым орналасқан.
Машина жасау саласында «Kazcentrelectroprovod» ЖШС жұмыс істейді. Бүгінгі күні «Kazcentrelectroprovod» ЖШС-де телекоммуникация және электр энергетикасына арналған өнімдердің 1000-ға жуық атауы шығарылады, оларды жеткізу Қазақстан мен таяу шет елдер бойынша жүргізіледі.
Қала аумағындағы электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау саласы, электр энергиясын бөлу бойынша қызметтерді жүзеге асыратын «Энергоуголь XXI» ЖШС және жылу энергиясын өндіру және беру бойынша кәсіпорындар мен күн энергиясын өндіру бойынша «SES Saran» ЖШС кәсіпорны болып табылады.
Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау саласының кәсіпорны табиғи суды өндіруді және бөлуді және кәріз бойынша қызметтерді жүзеге асыратын «Саранькоммунсервис» КМК болып табылады.
2021 жылы қала өнеркәсібінің жалпы көлемінен тау-кен өндіру өнеркәсібінің үлесі 1,2% - ды құрады.
Қала аумағында бұрынғысынша өңдеу өнеркәсібі басым болып қалуда, оның жалпы өнеркәсіптік өндіріс көлеміндегі үлес салмағы 81,4%-ды құрады.
Қалада өнеркәсіп өндірісін 5,6 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отырған 62 өнеркәсіп кәсіпорны мен өндіріс жүзеге асырады.
2021 жылы Саран қаласының өнеркәсіп өнімінің көлемі қолданыстағы бағамен 38976,5 млн теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 105,3%.
Есепті кезеңде тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі үлес салмағы өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлемінде 1,2% - ды құрады, өнім шығару 0,5 млрд. теңгені құрады. 2020 жылғы деңгеймен салыстырғанда нақты көлем индексі 79,2% - ды құрады.
Қала аумағында бұрынғысынша өңдеу өнеркәсібі басым болып қалуда, оның жалпы өнеркәсіптік өндіріс көлеміндегі үлес салмағы 81,4%-ды құрады.
Есепті кезеңде өңдеу өнеркәсібінің өнім шығаруы 31785 млн. теңгеге дейін ұлғайды. Өңдеуші өнеркәсіптің НКИ 2020 жылғы деңгейге қарағанда 137,2% - ды құрады.
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда есепті кезеңде 6076,3 млн.теңге сомасына өнім өндірілді, бұл қолданыстағы бағаларда 2020 жылдың көрсеткішінен 1,5 есеге артық, нақты көлем индексі -101,2%.
2021 жылы экономиканың нақты секторында 433 жаңа жұмыс орны құрылды, оның 29-ы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейту есебінен, 404-і жаңа өндіріс орындарын құру есебінен.