Инвестициялар және инновациялар
Экономиканың шикізаттық емес секторларына инвестициялар тарту және қолайлы инвестициялық ахуал жасау экономикалық өсудің негізгі факторы болып табылады.
2021 жылы негізгі капиталға инвестиция көлемі 69 362,7 млн.теңгені құрады, НКИ 2020 жылдың деңгейіне 515%.
Талданып отырған кезеңде өңдеуші өнеркәсіпке инвестициялар 56519,8 млн.теңгені құрады, яғни 2020 жылға қарай салыстырмалы бағаларда 70 есеге ұлғайды.
Қаржыландыру көздері бойынша инвестициялар құрылымына сәйкес есепті жылы кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен 94,1%, бюджет қаражаты есебінен - 5,9% тартылды.
Талдау жүргізілген кезеңде инвестициялау бағыттары бойынша барлық инвестициялардың 92,9% - ы экономиканың өнеркәсіптік секторына, қалған салаларға-негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлемінің 0,02% - дан 2,1% - ға дейін келеді.
2020 жылдың қорытындысы бойынша Саран қаласының 50 кәсіпорнында инновациялық қызметке статистикалық бақылау жүргізілді. 2020 жылы 16 кәсіпорында инновациялардың бар болуы байқалды.
Кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі 32% құрады ..
2020 жылы инновациялық өнім көлемі 2698,7 млн.теңгені, инновацияға кеткен шығындар саны - 912,4 млн. теңгені құрады.
Қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындары өнеркәсіпте цифрлық шешімдерді енгізу бойынша жұмыс істеуде.
Цифрлық технологияларды енгізу бойынша көшбасшылар қатарында «Kazcentrelectroprovod» ЖШС бар.Әсіресе, ондағы талшықты-оптикалық кабельді шығару, жаңа буын өнімдерінің барлық сериясы, сондай-ақ электроника саласындағы әзірлемелерді атап өтуге болады.
2019 жылы экономикадағы жаңа бағыт – «жасыл» энергетика игерілді. «SES Saran» ЖШС қуаттылығы 100 МВт күн электр станциясының құрылысы жобасын іске асырды, онда өндірістік процесті толық автоматтандыру енгізілді.