Меню

Страницы

Статья

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы

Қаланың аграрлық секторында 34 шаруа қожалығы, 1470 халықтың жеке қосалқы шаруашылықтары, 6 бау-бақша қоғамдары жұмыс жасайды.

2021 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 3328,6 млн. теңгені, 2020 жылға НКИ 104,6% құрады, оның ішінде мал шаруашылығы өнімі – 960,6 млн. теңге, НКИ – 2020 жылға қарағанда 110,8%, өсімдік шаруашылығы өнімі – 2367,8 млн. теңге, НКИ – 2020 жылға қарағанда 102%.

2021 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 390 га құрады.

2021 жылы ірі қара мал басы 2020 жылға қарағанда 15% - ға төмендеп, 1,7 мың басты құрады. Ұсақ мал басы бұрынғы деңгейде қалып, 2,8 мың басты құрады. Шошқа саны 20% - ға азайып, 1,2 мың басты құрады. Жылқы саны 476 басты құрады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 28,3% - ға артық. Құс басы 6,73 мың басты құрады немесе 2020 жылдың деңгейіне қарағанда 103,2%.

Есепті жылы заттай көріністе тірі салмақта 541 тонна ет немесе 100,6%, 1,9 мың тонна немесе 111,7% сүт, 1,03 млн.дана немесе 2020 жылға қарағанада 103% тауық жұмыртқасы —өндірілді.

Ауыл шаруашылығын дамытумен қатар өнеркәсіп өндірісі көлемінің 6,3% - ға жуығын алатын қайта өңдеу саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.

Қала аумағында ұн, нан-тоқаш, кондитерлік өнімдер, шұжық өнімдері мен жартылай фабрикаттар өндірісі бойынша тамақ өнеркәсібінің 7 субъектісі жұмыс істейді.

2021 жылы тамақ өнеркәсібі өндірісінің көлемі 1385,5 млн.теңгені немесе өткен жылға қарағанда 68,7% – ды құрады, НКИ-92,9%.

2021 жылы азық-түлік өнімдерін өндіру саласына салынған инвестициялар көлемі 46,6 млн. теңгені құрады.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бірінші қажеттіліктегі азық-түлік бағасының айтарлықтай өсуіне жол бермеу жергілікті атқарушы органдардың жұмысындағы басымдық болып табылады.

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бөлшек сауда бағалары нарығындағы жағдайға тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі, бағаның негізсіз өсу фактілері туралы хабарлау үшін «жедел желі» жұмыс істейді.

Бағаның өсуіне әсер ететін факторларды анықтау және бағаны тежеу бойынша жедел шаралар қабылдау үшін қалалық штаб пен жұмыс топтарының жұмысы ұйымдастырылды.

Инфляцияны тежеуге бағытталған ынтымақтастық шеңберінде бағаны негізсіз 10% - ға дейін көтеруге жол бермеу туралы 187 меморандум және сауда үстемесімен бағаны негізсіз көтеруге жол бермеу туралы 5% - дан аспайтын 39 меморандум ұзартылды.

Коммуналдық павильонның жұмысы ұйымдастырылды (павильонда 13 сауда орны, аумақта 39, машиналармен сауда жасау үшін 10).

Қала және кент аумағында сауда орындары ұйымдастырылды, 56 сауда орнына сөрелер орнатылды. Орын үшін төлем алынбайды.

Кәсіпкерлермен «әлеуметтік бұрыштарды» әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерімен толтыру, коммуналдық павильонға және "Оптима" супермаркетіне тікелей сауда үстемесімен жұмыртқа, көкөніс және бакалея өнімдерін жеткізу бойынша жұмыс ұйымдастырылды.

Тауар интервенциясын жүргізу шеңберінде облыстың тұрақтандыру қорынан 3 тонна көкөніс, 2,2 тонна бакалея өнімдері, 70 мың дана тауық жұмыртқасы белгіленген бағалар бойынша әкелінді, қаланың наубайханаларына Азық-түлік корпорациясы қорынан «әлеуметтік» нан өндіру үшін 391,5 тонна көлемінде ұн жеткізуге қолдау көрсетілді.

Дата публикации
16 марта 2022
Дата обновления
16 марта 2022
Тип

Сейчас читают

01 ноября 2024
31 июля 2024
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер
Бағыттар
13 февраля 2024
Агроөнеркәсіптік кешен

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы