Меню

Страницы

Статья

Ауыл шаруашылығы

Қаланың аграрлық секторында 17 шаруа қожалығы, 1470 халықтың жеке қосалқы шаруашылықтары, 6 бау-бақша қоғамы бар.

2022 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі НКИ 2021 жылға 100,7% болғанда 3811 млн.теңгені құрады, оның ішінде НКИ – 2021 жылғы деңгейге 100% болғанда мал шаруашылығы өнімі – 1019,1 млн. теңгені, НКИ-2021 жылғы деңгейге 101% болғанда өсімдік шаруашылығы өнімі2791,6 млн. теңгені құрады.

2022 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 390,2 га құрады.

2022 жылы ірі қара мал басы 2021 жылға қарағанда 5,8%-ға төмендеп, 1,6 мың басты құрады. Ұсақ мал басы 12,8%-ға азайып, 2,5 мың басты құрады. Шошқалардың саны 0,3%-ға артып, 1,3 мың басты құрады. Жылқы саны 549 басты құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 15,3%-ға көп. Құстардың саны 7 мың басты немесе 2021 жылғы деңгейге 104,5%-ды құрады.

Есепті жылы заттай мәнде тірі салмақтағы 508,2 тонна ет немесе 93,9%, 2,1 мың тонна сүт немесе 106,2%, тауық жұмыртқасы — 1,05 млн.дана немесе 2021 жылға қарағанда 101,9% өндірілді.

Ауыл шаруашылығын дамытумен қатар өнеркәсіптік өндіріс көлемінің 1,8%-ын алатын қайта өңдеу саласын дамытуға ерекше назар аударылады.

Қала аумағында ұн, нан-тоқаш, кондитерлік өнімдер, шұжық өнімдері мен жартылай фабрикаттар өндіретін тамақ өнеркәсібінің 6 субъектісі жұмыс істейді.

2022 жылы тамақ өнеркәсібі өндірісінің көлемі НКИ 2021 жылға 93,1% болғанда 1289,6 млн. теңгені құрады,

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бірінші кезектегі азық-түлік бағасының айтарлықтай өсуіне жол бермеу жергілікті атқарушы органдардың жұмысында басымдық болып табылады.

Әлеуметтік маңызы бар тауарларға бөлшек сауда бағалары нарығындағы ахуалға тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі, бағаның негізсіз көтерілу фактілері туралы хабарлау үшін «жедел желі» жұмыс істейді.

Бағаның өсуіне әсер ететін факторларды анықтау және бағаны ұстап тұру бойынша жедел шаралар қабылдау үшін қалалық штаб пен жұмыс топтарының жұмысы ұйымдастырылды.

Инфляцияны тежеуге бағытталған ынтымақтастық шеңберінде бағаның негізсіз 10%-ға дейін көтерілуіне жол бермеу туралы 187 меморандум ұзартылды.

Коммуналдық павильонның жұмысы ұйымдастырылды (павильондағы 13 сауда орны, аумақта 39, машиналардан сауда жасау үшін 10).

Қала мен кент аумағында сауда орындары ұйымдастырылып, 56 сауда орнына арналған сөрелер орнатылды. Орын үшін ақы алынбайды.

Кәсіпкерлермен «әлеуметтік бұрыштарды» әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен толтыру, жұмыртқаны, көкөністерді және азық-түлік өнімдерін коммуналдық павильонға және «Оптима» супермаркетіне белгіленген сауда үстемесімен тікелей жеткізу бойынша жұмыс ұйымдастырылды. 

Тауар интервенциясын өткізу шеңберінде облыстың тұрақтандыру қорынан белгіленген бағамен азық-түлік өнімдері әкелінді, «әлеуметтік» нан өндіру үшін азық-түлік корпорациясы қорынан ұн жеткізуге қала наубайханасына қолдау көрсетілді.

Дата публикации
03 апреля 2023
Дата обновления
03 апреля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

01 ноября 2024
31 июля 2024
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер
Бағыттар
13 февраля 2024
Агроөнеркәсіптік кешен

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы