Меню

Страницы

Статья

Экономиканың нақты секторын дамыту

Экономиканың нақты секторы

Қала экономикасы индустриалды бағытқа ие.

Қала аумағында 65 өнеркәсіптік кәсіпорын мен өндіріс жұмыс істейді. Қаланың белсенді халқының үштен бір бөлігі өнеркәсіпте жұмыс істейді.

2024 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 194614,5 млн.теңге сомасында немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне нақты көлем индексі 98,4% кезінде 104,5%-ды құрады.

Сонымен қатар, индустриялық секторды одан әрі нығайтудың арқасында өңдеуші саланың жалпы өндіріс көлеміндегі жоғары үлесі сақталып, 92,6%-ды құрады.

Бұған Солтүстік өнеркәсіптік және «Saran» индустриялық аймағының аумағында инвестициялық жобаларды іске асыру ықпал етті.  

2024 жылдың шілдесінде «Tengri Tyres» ЖШС автомобиль шиналарын шығару бойынша негізгі жоба сериялық өндірісті бастады. Қыркүйек айында «КарЗТФ» ЖШС полиэтилен құбырлары мен фитингтерін өндірудің бірінші кезеңі іске қосылды. 

Келесі инвестициялық жобаларды іске асыру жалғасуда: 

«КарЗТФ» ЖШС-полиэтилен құбырлары мен фитингтер өндірісінің екінші кезеңі;

«Қазақстандық ыстық мырыштау зауыты» ЖШС-ыстық мырыштау өндірісі;

«ТЭМПО-Қазақстан» ЖШС - болат түзу тігісті электрмен дәнекерлеу құбырларын өндіру;

«Silk Road Electronics» ЖШС – «Samsung» теледидарларын өндіру бойынша «SamsungElectronicsCentralEurasia» компаниясымен бірлескен жоба;

«Saran Machinery» ЖШС-HOWO жүк автомобильдерін өндіру;

«Karaganda Insulation» ЖШС – энергия үнемдейтін жылу оқшаулағыш материалдар-базальт негізіндегі минералды утиплитель өндірісі.

Бұл кәсіпорындар дайын өнімнің импортын және экспортын алмастыруға бағытталған.

Локализация және кооперация шеңберінде ауданы 30 000 шаршы метр тұрмыстық техника өндірісінің локализациялық орталығын салу бағыты бойынша «OptimTech» ЖШС базасында шағын өнеркәсіптік аймақ құру басталды. Бұл шара шағын және орта бизнесті, жергілікті тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған.

Дата публикации
03 апреля 2023
Дата обновления
27 мая 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

01 ноября 2024
31 июля 2024
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер
Бағыттар
13 февраля 2024
Агроөнеркәсіптік кешен

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы