2025 жылға арналған «Саран қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ақпарат

«Саран қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтің 4 түрін, оның ішінде 1 түрін тегін негізде көрсетеді:

1. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына куәліктер беру».

2. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу, тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжаты (түпнұсқасын) мен мемлекеттік нөмірлік белгіні беру».

3. «Кепілді мемлекеттік тіркеу (тіркеуден шығару), өзгерістерді, толықтыруларды тіркеу (оның ішінде меншік құқығын басқа тұлғаға беру, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепіл (қайта кепіл)) және тіркелген кепілдің қолданылуын тоқтату, сондай-ақ тракторлар мен олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе телнұсқа беру».

4. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен қозғалатын ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу» (тегін негізде көрсетіледі).

2025 жылы бөліммен 4 түрлі 224 мемлекеттік қызмет көрсетілді, тегін негізде 106 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Көрсетілген қызметтердің ішінен электрондық түрде 222 қызмет немесе көрсетілген қызметтердің жалпы санының 99% көрсетілген.

 

 

Дата публикации
21 января 2026