Бекітемін
«Саран қаласының ауыл, шаруашылығы жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ басшысы
_________________О. Кадырканов
2025 жылғы «___» _____________
«Саран қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары
|
№ п/п |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша ұсынымдар |
Іс-шаралар |
Іс-шараны аяқтау нысаны |
Жауапты орындаушылар |
Іс-шараны орындау мерзімі |
|
1. |
Жер заңнамасына, атап айтқанда сот органдарына жүгіну жолымен өз бетінше салынған (гаражға, үйге) меншік құқығын тану кезінде нормаларды қатаңдату бөлігінде орталық уәкілетті органның өкілеттіктеріне тиісті нормаларды енгізу |
Сот органдарына жүгіну жолымен өз бетінше салынған (гаражға, үйге) меншік құқығын тану кезінде нормаларды қатаңдату жөніндегі орталық уәкілетті органның өкілеттіктеріне толықтыруға қатысты жер және азаматтық заңнамаға өзгерістер енгізу туралы ұсыныспен уәкілетті органға хат жолдау |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне хат |
«Саран қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ Кадырканов О.Р. |
2025 жылдың 3-4 тоқсандары
|
|
2. |
Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес қатысушының өлшемшарты бөлігінде шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына өзгерістер енгізу |
Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес қатысушының өлшемшарттарын белгілеу бөлігінде шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына өзгерістер енгізу туралы ұсыныспен уәкілетті органға хат жолдау |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне хат |
«Саран қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ Кадырканов О.Р. |
2025 жылдың 3-4 тоқсандары |
|
3. |
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларында уәкілетті орган қатысушының осы ауданда, қалада, ауылда, кентте кемінде 5 жыл тұру фактісін растайтын құжатты нақты айқындауы қажет. |
Уәкілетті органның қатысушының осы ауданда, қалада, ауылда, кентте кемінде 5 жыл тұру фактісін растайтын құжатты нақты айқындау бөлігінде шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына өзгерістер енгізу туралы ұсыныспен уәкілетті органға хат жолдау. |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне хат |
«Саран қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ» Кадырканов О.Р. |
2025 жылдың 3-4 тоқсандары
|
|
4. |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізудің ашықтығы үшін конкурс өткізу аукциондар өткізуге ұқсас электрондық форматқа ауыстырылуы қажет |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс өткізуді электрондық форматқа көшіру туралы ұсыныспен уәкілетті органға хат жолдау |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне хат |
«Саран қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ Кадырканов О.Р. |
2025 жылдың 3-4 тоқсандары
|
|
5. |
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 297 бұйрығымен бекітілген Жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (аукциондарды) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге бастамашылық жасағаны орынды. Өзгерістер Ішкі сауда қағидаларының ережелерін және алдын ала конкурстық іріктеу талаптарын ескере отырып, стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және (немесе) маршруттарын бөлу кезінде сауда-саттықты (аукциондарды) өткізудің ерекше шарттарын көздеуге тиіс |
Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және (немесе) маршруттарын бөлу кезінде сауда-саттықты (аукциондарды) өткізудің ерекше шарттарын көздейтін Жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (аукциондарды) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына ішкі сауда ережелерін және алдын ала конкурстық іріктеу талаптарын ескере отырып өзгерістер енгізу туралы ұсыныспен уәкілетті органға хат жолдау |
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрлігіне хат |
«Саран қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ Кадырканов О.Р. |
2025 жылдың 3-4 тоқсандары
|
|
6. |
«E-license» порталын әзірлеушілер «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату», «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтері бойынша жұмысты реттеуі керек |
«E-license» порталының әзірлеушілерімен «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату», «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметтерін көрсетуді электрондық форматқа көшіру бөлігінде мәселені пысықтау |
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне хат |
«Саран қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ Кадырканов О.Р. |
2025 жылдың 3-4 тоқсандары
|
|
7. |
ЭҮП әзірлеушілері «Нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша сәйкестік үшін Қағидаларда көрсетілгендей бланкілерді сәйкестендіруі қажет |
ЭҮП әзірлеушісімен «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бланкісін «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларымен бекітілген бланкке сәйкес келтіру бөлігінде мәселені пысықтау |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне хат |
«Саран қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ Кадырканов О.Р. |
2025 жылдың 3-4 тоқсандары
|
|
8. |
Жасырын мемлекеттік қызметтер бойынша мәселені зерделеп нәтижелері бойынша тиісті ұсыныстар енгізу қажет.
|
Мәселені қосымша зерделеу және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне жер учаскелеріне жалдау шарттарын жасасу жөніндегі функцияны енгізу жөніндегі уәкілетті органға ұсыныс жіберу |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне хат
|
«Саран қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ Кадырканов О.Р. |
2025 жылдың 3-4 тоқсандары
|
|
9. |
ҚР Жер және салық заңнамасына тиісті түзетулер енгізу қажет, соның негізінде КБК 105315 бойынша жалдау ақысын уақтылы төлеуден жалтарғаны үшін жаңа меншік иесін жауапкершілікке тартуға болады, не құқықтық кадастрға енгізілгеннен кейін жаңа шарт жасасу мерзімдерін көрсету қажет |
Нотариаттық ресімдеу жолымен жер учаскесін жалға алу құқығын сатып алу кезінде жер қатынастары саласындағы уәкілетті органмен жаңа меншік иесінің жаңа жалдау шартын жасасу мерзімдерін белгілеу, сондай-ақ жер учаскесін жалға алуды 105315 КБК бойынша уақтылы төлеуден жалтарғаны үшін жаңа меншік иесін жауапкершілікке тарту бөлігінде Қазақстан Республикасының жер және салық заңнамасына өзгерістер енгізу туралы ұсыныспен уәкілетті органға хаттар жіберу |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне хат
|
«Саран қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ Кадырканов О.Р. |
2023 жылдың 3-4 тоқсандары
|
|
10. |
ЭҮП әзірлеушілері жұмысты жүргізіп мемлекеттік ақпараттық жүйелерге тиісті мәліметтерді толық енгізуі қажет.
|
Жер қатынастары саласындағы электрондық мемлекеттік қызметтер бойынша мемлекеттік ақпараттық жүйелерге жер учаскелері бойынша тиісті деректерді толық енгізу бөлігінде ЭҮП әзірлеушілерімен мәселені пысықтау |
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне хат |
«Саран қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ Кадырканов О.Р. |
2025 жылдың 3-4 тоқсандары
|