Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі

Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» № 544  Заңының 2004 жылғы 12 сәуірдегі 9-бабына сәйкес «Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайды және тауар берушінің талап етуі бойынша тараптардың келісімімен шекті сауда үстемесінің мөлшері белгіленетін азық-түлік тауарларын беру шарты жасалатын жағдайларды қоспағанда, ішкі сауда субъектiлерi тауар бағаларын өз бетінше айқындайды.

      Тауар бағасы Қазақстан Республикасының аумағында жария шарт жағдайларында оны өткізу кезінде теңгемен көрсетіледі.

Әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларын беру шарттарын жасасу кезінде шектi сауда үстемесiнiң мөлшерi мiндеттi түрде белгiленуге тиiс. Осы талап бұзылып жасалған мәмiле жарамсыз болады.

         Ішкі сауда субъектісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын беру шартында көрсетілген, өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда арқылы берушінің сатып алу бағасының он бес пайызынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілейді.

Ішкі сауда субъектісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауары бірнеше өндірушіден немесе көтерме сауда арқылы берушіден болған жағдайда, неғұрлым төмен құны бар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын беру шартында көрсетілген, өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда арқылы берушінің сатып алу бағасының он бес пайызынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілейді».

 

 

 

№

 

Тауардың атауы

1

Бірінші сұрыпты бидай ұны

2

Бірінші сұрыпты ұннан жасалған бидай наны

3

Түтік кеспе (өлшенетін)

4

Ажарланған күріш, өңделген (өлшенетін)

5

Қарақұмық жармасы (өлшенетін)

6

Күнбағыс майы, литр

7

Тұздалмаған сары май

8

Сиыр еті жауырын-төс бөлігі

9

Тауық еті (сан және жіліншік сүйегі оған жанасқан жұмсақ етпен)

10

Пастерленген сүт 2,5%, литр

11

Айран 2,5%, литр

12

Ірімшік

13

Картоп

14

Сәбіз

15

Басты пияз

16

Ақбас қырыққабат

17

Құмшекер

18

Жұмыртқа, 1 санат, ондық

19

Тұз, экстрадан басқа

Ішкі сауда субъектісінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесін 15%-дан асыру фактілері анықталған жағдайда, Сіздің Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне растайтын құжаттармен жүгінуге құқығыңыз бар.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі
Дата публикации
13 марта 2025