«Саран қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ «Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына, «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/270 бұйрығына, «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/268 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 10 шілдеде № 20950 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 9 шілдедегі № 217 бұйрығына, «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/267 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 23 шілдеде № 21005 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 21 шілдедегі № 233 бұйрығына, «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнаулы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/269 өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 5 мамырда № 20571 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 153 бұйрығына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді.
«Саран қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ-де көрсетілетін 15 мемлекеттік қызмет бойынша бекітілген ережелер бар.
2024 жылы «Саран қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ – де 890 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 176 – қағаз түрінде, 714 - мемлекеттік қызмет «Е-лицензиялау» МДБ, ЭҮП арқылы электрондық түрде көрсетілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі, сондай-ақ шағымдану тәртібі туралы ақпарат Бөлімнің ресми сайтында орналастырылған. Ақпарат қажет болған жағдайда жаңартылады.
2024 жылы қашықтан мониторинг жүргізу барысында МҚІА Қарағанды облысы бойынша департаментінің қызметкерлері құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде «Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік қызмет көрсету 2 фактісін анықтады (көрсетілетін қызметті алушылар С.Турсумамбетова және «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы» АҚ). Сонымен, құжаттарды тапсыру кезінде жерге орналастыру жобалары толық сканерленбеген және тіркелмеген. Аталған фактілер бойынша Бөлім басшысына қатысты әкімшілік хаттамалар жасалды (айыппұлдар төленді).
2024 жылы «Саран қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ-де «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және нөмірлік белгі беру» мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін сақтамау бойынша 1 бұзушылық бар. Жауапты бас маман Омаш К.К. басшының 2024 жылғы 20 маусымдағы № 9 бұйрығымен ескерту түрінде тәртіптік жазаға тартылды.
«Саран қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ-де көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар жоқ.
Есепті кезеңде «Саран қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ-де мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдардың түсу көздері жоқ.
Есепті кезеңде тұлғалардың көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына қатысты шағымдарын қарау мерзімдерінде жол берілген бұзушылықтар жоқ.
2024 жылдың 19-21 ақпан аралығында «Ең алдымен адамдар: практикалық құралдар, мемлекеттік қызмет сапасын арттыру» тақырыбында «Саран қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ бас маманы Куаныш Кайратовис Омаш біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
2024 жылдың төртінші тоқсанында қала ХҚКО-да «Саран қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ, «Саран қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының тіркеу және жер кадастры жөніндегі бөлімінің өкілдерімен бірлесіп «Ашық есік күні» өткізілді, онда мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша азаматтарға түсініктемелер берілді.
«Саран қаласының ауыл шаруашылығы,
жер қатынастары және кәсіпкерлік
бөлімі» ММ басшысы О. Кадырканов