Мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі есепке талдамалық анықтама (2023 жыл үшін)

«Саран қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ «Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына, «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/270 бұйрығына, «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/268 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 10 шілдеде № 20950 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 9 шілдедегі № 217 бұйрығына, «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/267 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 23 шілдеде № 21005 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 21 шілдедегі № 233 бұйрығына, «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнаулы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/269 өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 5 мамырда № 20571 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 153 бұйрығына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді.

«Саран қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ-де көрсетілетін 16 мемлекеттік қызмет бойынша бекітілген ережелер бар.

2023 жылы «Саран қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ-де 1111 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 66-ы қағаз түрінде, 1045 мемлекеттік қызмет «Е-лицензиялау» МДБ, ЭҮП арқылы электрондық түрде көрсетілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі, сондай-ақ шағымдану тәртібі туралы ақпарат Бөлімнің ресми сайтында орналастырылған. Ақпарат қажет болған жағдайда жаңартылады.

2023 жылы «Саран қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ-де белгіленген мерзімдерді бұза отырып көрсетілген мемлекеттік қызметтер жоқ.

«Саран қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ-де көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар жоқ.

Есепті кезеңде «Саран қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдардың түсу көздері жоқ.

Есепті кезеңде тұлғалардың көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына қатысты шағымдарын қарау мерзімдерінде жол берілген бұзушылықтар жоқ.

Есепті кезеңде «Саран қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ-де мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен адамдар жоқ.

 

Мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі есепке талдамалық анықтама (2023 жыл үшін)
Дата публикации
31 июля 2024