Ұлттық жобаларды іске асыру барысы туралы

  1. «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тұрақты экономикалық өсу» ұлттық жобасы

Индустрияландырудың бірыңғай картасы шеңберінде құны 276,8 млрд. теңге болатын 2,4 мың жаңа жұмыс орнын құра отырып 4 инвестициялық жоба іске асырылуда, оның екеуі 2023 жылы пайдалануға берілді:

Жалпы инвестиция көлемі 240 млрд.теңге және 1116 жұмыс орнын құра отырып «KamaTyresKZ» ЖШС «Қарағанды облысының Саран қ. автомобиль шиналарын өндіруді ұйымдастыру». Іске асыру кезеңі 2020-2022 жылдар. Жобаның техникалық іске қосылуы 2022 жылдың желтоқсанында жүзеге асырылды; 

Инвестиция көлемі 5,7 млрд. теңге және 50-ге дейін жұмыс орнын құра отырып «Sunpaper» ЖШС «Қағаз негізіндегі санитарлық-гигиеналық өнімдер өндірісін ұйымдастыру», іске асыру мерзімі - 2014-2023 жылдар, 2023 жылдың желтоқсанында жобаның 2 кезегі техникалық іске қосылды;  

Инвестиция көлемі 24,9 млрд. теңге және 1136 жұмыс орнын құра отырып «Silk Road Electronics» ЖШС «Қарағанды облысының Саран қ. тұрмыстық техника өндірісін ұйымдастыру» іске асыру мерзімі 2022-2023 жылдар; 2024 жылдың 4 тоқсанында 7 өндірістік желі (теледидарлар, су жылытқыштар, шаңсорғыштар, ас үй плиталары, шағын пештер, ас үй сорғыштары, кір жуғыш машиналар) іске қосылды; 

Инвестиция көлемі 6,2 млрд. теңге және 115 жұмыс орнын құра отырып «Қазақстандық ыстық мырыштау зауыты» ЖШС «Металл бұйымдарын ыстық мырыштау зауытын салу», іске асыру мерзімі – 2023-2024 жылдар.

  1. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын тарту, жаңа шаруа және фермер қожалықтарын ұйымдастыру және жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту, ұйымдасқан шаруашылықтардағы мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығының жай-күйінің көрсеткіштерін мониторингілеу және талдау, сондай-ақ тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарын жүктеу жөніндегі іс-шаралар кешені іске асырылуда.

АӨК саласында қала аумағында құны 100 млн.теңге болатын «Ун ИмпЭкс» ЖШС бастамасымен, 10 жаңа жұмыс орнын құра отырып, кәсіпорынның жобалық қуаты 20 мың тонна ұн болатын ұн өндірісін қалпына келтіру жобасы іске асырылуда.  Қазіргі уақытта үй-жайларды ағымдағы жөндеу, жабдықтар мен қосалқы бөлшектерді сатып алу және жабдықтау жүргізілуде, іске асыру мерзімі-2024 жыл.

  1. Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау құралдары туралы хабардар ету, бағдарламаға қатысуға жаңа жобаларды тарту, құжаттарды ресімдеу кезінде жобаларды сүйемелдеу бойынша жұмыс жүргізілуде.

2023 жылы Саран қаласы бойынша кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде жалпы сомасы 2711 млн. теңгеге 24 жоба қолдау тапты, оның ішінде 1967,8 млн. теңгеге 12 жоба субсидияланды, жалпы кепілдік сомасы 330,1 млн. теңгеге 9 жобаға кепілдік берілді, жетіспейтін инфрақұрылымды тартуға 413,1 млн. теңгеге 3 жоба мақұлданды.

 

О ходе реализации Национальных проектов
Дата публикации
30 апреля 2024