Жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың (Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттар депутатына, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауыл округтері әкімдеріне, сондай-ақ жергілікті өзін өзі басқарудың сайлау органдарының мүшелеріне кандидаттарды қоспағанда) лауазымды адамдардың, сондай-ақ көрсетілген функцияларды орындауға өкілетті кандидаттар болып табылатын адамдардың (бұдан әрі – адамдар) алған сыйлықтарды мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға немесе жергілікті атқарушы органға тапсыруы жөніндегі жадынама
Сыйлықты тапсыруды адам сатып алу туралы не сатып алудан бас тарту туралы жазбаша хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама) қоса бере отырып, белгіленген нысан бойынша уәкілетті орган немесе ЖАО жасаған мүліктің тізімдемесі, бағалау және (немесе) қабылдап алу-тапсыру актісі бойынша жүзеге асырады.
- уәкілетті орган немесе ЖАО атауы;
- сыйлықты тапсырып отырған адамның Т.А.Ә, оның лауазымы, жұмыс орны, байланыс деректері;
- сыйлықтың атауы, оның саны мен қысқаша сипаттамасы;
- сыйлықты сатып алуға келісетіні не сатып алудан бас тартатыны туралы ақпарат.
Бұл ретте, сыйлықты сатып алған жағдайда, хабарламаға жоғары тұрған лауазымды адам сатып алуды келісу туралы белгі қояды (Т.А.Ж., лауазымы, мөрмен расталған қолы)
Бұл ретте адамдардың ЖАО-ға тапсырған сыйлықтары бойынша бағалауды жүргізу және сатып алу-сату шартын жасасу мерзімі ЖАО-дан тиісі хабарламаны алған сәттен бастап есептеледі.
Анықтама ретінде:
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 2014 жылғы 5 шілдедегі 472-бабының 1-тармағы 4) тармақшасына сәйкес сыйлықтар түріндегі мүлікті уәкілетті органға толық және (немесе) уақтылы берілмегені үшін, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, әкімшілік-құқықтық жауапкершілік көзделген.