Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптама кеңесінің жұмысы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 19-бабына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің норма шығармашылығына қатысуын қамтамасыз ету мақсатында қала әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптама кеңесінің қызметі ұйымдастырылды. 

 

ҚР КК 19-бабы, Жеке кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңестері (бұдан әрі – сараптама кеңестері) арқылы, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарды әзірлеуге және оларға сараптама жасауға қатысады

Сараптама кеңесінің қызметі 2006 жылдың қыркүйегінен басталды

Бұл кеңес консультативтік-кеңесші орган болып табылады және жеке кәсіпкерлік мәселелеріне қатысты барлық нормативтік-құқықтық актілерге сараптама жүргізеді.

 

Кеңес құрамына: кәсіпкерлердің аккредиттелген қоғамдық бірлестігінің - Кәсіпкерлер палатасы Саран қаласы филиалының қала кәсіпкерлері жергілікті қауымдастығының және мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді.

2016 жылғы сәуірде кезекті аккредиттеу өткізілді, оның қорытындысы бойынша «Саран қаласының жергілікті кәсіпкерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі аккредиттелді.

 

Сараптама кеңесі мынадай қызметтерді жүзеге асырады:

1) мемлекеттік органдар әзірлеген және ұсынған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарайды;

2) сараптама кеңесі мүшелерінің сараптама қорытындыларын нормативтік құқықтық актілердің көрсетілген жобаларына жинақтауды жүзеге асырады;

3) кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру туралы ұсыныстар әзірлейді.

 

Бөлім Сараптама кеңесінің жұмыс органының міндеттері. жүзеге асырады, атап айтқанда сараптама кеңесінің жұмысын ұйымдастырады, сараптама кеңесінің отырысына енгізілетін нормативтік-құқықтық актілердің жобалары бойынша материалдар дайындауды жүзеге асырады, нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және жергілікті кәсіпкерлер қауымдастығына жібереді, отырыстың қорытындысы бойынша хаттаманы дайындауды және оған қол қоюды қамтамасыз етеді.  

 

2022 жылы жеке кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын НҚА-ның 7 жобасына сараптама жүргізілді.

Жүргізілген сараптамалардың қорытындысы бойынша ұсынылған НҚА ескертусіз келісілді.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптама кеңесінің жұмысы туралы ақпарат
Дата публикации
10 апреля 2023