«Саран қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ 2022 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылдаған шаралар туралы ақпарат

«Саран қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ 2022 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылдаған шаралар туралы ақпарат

 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасына және оны іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес Бөлімде қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық қызметінің профилактикасына, сондай-ақ Бөлімнің қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолданудың тиімділігін арттыруға бағытталған жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі.

Құзыретіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі міндеттер кіретін жауапты тұлғалар бекітілді.

Бөлімнің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің білім деңгейін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру мақсатында Бөлім қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасын сақтау мәселелері бойынша құқықтық оқыту жүргізіледі.

Бөлім қызметінің ашықтығы мақсатында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі қызмет туралы ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігі қамтамасыз етілді. Бөлімнің ресми сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» жеке бөлімі жұмыс істейді.

Бөлім басшысының бұйрығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар бекітілді.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында бизнесті қолдаудың қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларын, жер заңнамасын, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін түсіндіру бойынша тұрақты негізде азаматтарды қабылдау ұйымдастырылды. Бөлім басшысының және басшысы орынбасарының азаматтарды қабылдау кестесі жарияланды.     

«Адал-көмек» жобасын іске асыру аясында талданып отырған кезеңде «Инстаграм» мессенджері арқылы 4 тікелей эфир өткізілді. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Мемлекеттік қызметшілер тарапынан ықтимал құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың лауазымдық жағдайын жеке мақсаттарда немесе өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануына әкеп соғуы мүмкін іс-әрекеттерге жол бермеу үшін бөлімде азаматтардың сапалы мемлекеттік қызметтерді алуға кепілді тең қол жеткізуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданады. Ол үшін бөлімнің веб-сайтында, халыққа арналған әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі, сондай-ақ шағымдану тәртібі туралы ақпарат орналастырылған, «Инстаграм» әлеуметтік желісінде тікелей эфирлер шеңберінде түсіндіру жұмыстары және қалалық газетте жарияланымдар ұйымдастырылған. Сыбайлас жемқорлық көріністерінің туындауына жағдай жасайтын фактор ретінде азаматтардың мемлекеттік органдармен тікелей байланысын болдырмау мақсатында ЭҮП пайдалану және сол арқылы өтінішті берудің артықшылықтары туралы азаматтармен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

«Саран қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ-де көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар жоқ.

Бөлім қызметкерлері бұзушылық жасау фактілері туралы хабарлау үшін сенім телефондары орнатылды. Сенім телефонының нөмірі Бөлімнің ресми интернет-ресурсында жарияланған. Сенім телефонына сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы ақпарат түскен жоқ.

Мүдделер қақтығысы жағдайларының алдын алу үшін мемлекеттік қызметшілер үшін бөлімде түсіндіру іс-шаралары, атап айтқанда жақын туыстарының бірлескен жұмысына, мемлекеттік сатып алу процесінде шешім қабылдау кезінде, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде, жер комиссияларының жұмысында артықшылық беруге жол бермеу және т.б. жүргізіледі.

Бөлімнің барлық мемлекеттік қызметшілері мемлекеттік қызметті өткеруге байланысты шектеулер қабылдады. Бөлім қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамау фактілері анықталған жоқ.

Қызметкерлердің жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларацияларды уақтылы тапсыруы қамтамасыз етілді.

Жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының Бөлімге қатысты жағымсыз материалдарды, жарияланымдарды, сондай-ақ бөлімнің лауазымды тұлғаларын, қызметкерлерін анықтау мәніне шағымдарына мониторинг жүргізілді. Мониторинг нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Жалпы, Бөлімде талданып отырған кезеңде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар анықталған жоқ.

 

 

«Саран қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ басшысы                         

Д. Арнешев 

«Саран қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ 2022 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылдаған шаралар туралы ақпарат
Дата публикации
07 апреля 2023