Қарағанды облысының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидаларын бекіту туралы
Қарағанды облыстық мәслихатының 2021 жылғы 25 ақпандағы № 32 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 1 наурызда № 6218 болып тіркелді
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-2-тармағына сәйкес Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
|
Сессия төрағасы |
А. Магзумов |
|
Облыстық мәслихат хатшысы |
С. Утешов |
|
|
Қарағанды облыстық |
1) ауыл шаруашылығы жануарлары – адам өсіретін, ауыл шаруашылығы өндірісіне тікелей қатысы бар жануарлардың барлық түрлері;
2) ауыл шаруашылығы жануарларының иелері – меншік, шаруашылық жүргізу құқығындағы, жедел басқарудағы немесе басқа да заңды негізінде ауыл шаруашылығы жануарлары бар заңды немесе жеке тұлғалар;
3) ауыл шаруашылығы жануарларын айдап өту (айдау) – ауыл шаруашылығы жануарларының тұрақты тұрған жерінен жаю орнына дейін және кері қарай жылжуы;
4) ауыл шаруашылығы жануарларын жаю - ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер құрамындағы жер учаскелерінде, сондай-ақ жердің басқа санаттарының құрамындағы жер учаскелерінде адамның бақылауында болатын ауыл шаруашылығы жануарларының шөп және өзге де өсімдіктерді тұтыну процесі;
5) ветеринариялық паспорт – уәкілетті орган белгілеген нысандағы құжат, онда: жануарларды есепке алу мақсатында жануардың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы (тyған күні), жеке нөмірі көрсетіледі;
6) жайылымдар – ауыл шаруашылығы жануарларын жыл бойы немесе маусымдық жаю үшін берілетін және пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер құрамындағы жер учаскелері, сондай-ақ жердің басқа санаттарының құрамындағы жер учаскелері;
7) қараусыз жануарлар – жаю үшін бөлінген жерлерден тыс және адамдардың сүйемелдеуінсіз жүрген ауыл шаруашылығы жануарлары;
8) қараусыз жануарларды уақытша ұстауға арналған қоражайлар – оларды бағу мен пайдалану үшiн қажеттi жағдайы барқоршалған учаске немесе мал шаруашылығы қоралары;
9) маусымдық жайылымдар – жыл мезгілдеріне және (немесе) пайдалану кезеңділігіне сәйкес қолайлы табиғи-климаттық жағдайларда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін пайдаланылатын жайылымдар;
10) шалғайдағы жайылымдар – елді мекендерден алыстағы аумақтарда шалғайдағы мал шаруашылығын жүргізу үшін пайдаланылатын жайылымдар;
11) жалпыға ортақ пайданалатын жерлер – алаңдар, көшелер, тротуарлар, өтпе жолдар, кондоминиум құрамына кірмеген үй жанындағы жер учаскесі, жолдар, жағалаулар, парктер, саябақтар, opмaн парктерi, бульварлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және басқа да халықтың мұқтажын қанағаттандыруға арналған өзге де объектiлер (су құбырлары, жылу құбырлары, тазарту құрылысжайлары және ортақ пайдаланылатын басқа да инженерлiк жүйелер, сондай-ақ ортақ пайдаланылатын жылу желілері мен инженерлік жүйелердің күзет аймақтары) алып жатқан және оларды орналастыруға арналған жерлер.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №7-1/68 "Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11127 болып тіркелді) Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына сәйкес әрбір тіркелген ауыл шаруашылығы жануарларына сәйкестендіру нөмірі беріледі. Ветеринариялық паспорт ауыл шаруашылығы жануарларына ұсақ малдарды, шошқаны қоспағанда жеке беріледі.
Ұсақ малға (қойлар, ешкілер), шошқаларға ветеринариялық паспорт тобына (отарына) беріледі.
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қоршалған немесе қоршалмаған жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларының иелері не олар уәкілеттік берген адамдар жүзеге асырады.
Табиғи-климаттық аймақтарға байланысты тәуліктің қараңғы және түнгі уақытында ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға бөлінген жайылымдар мен басқа да жер учаскелерінде ғана жол беріледі.
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю орнына дейін және кері қарай жылжуы, ал тәуліктің қараңғы және түнгі уақытында ұстау орнына дейін айдап өту (айдау) ауыл шаруашылығы жануарларының иелерінің немесе олардың уәкілетті адамдарының қадағалауымен жүзеге асырылады.
1) ауру ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға (оның ішінде жұқпалы ауруларды жұқтырған);
2) міндетті ветеринариялық рәсімдерден (оның ішінде вакцинациялау) өтпеген ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға;
3) жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде, темір және автомобиль жолдарына бөлінген белдеулерде, су қорғау белдеулері мен санитариялық қорғау аймақтарының шекарасында ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға;
4) су қорғау аймақтарының шегінде жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;
5) бірдейлендірілмеген ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға;
6) ауыл шаруашылығы жануарларын жаю орнына дейін және кері қарай айдап өту (айдау), сондай-ақ жаю ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің немесе олар уәкілеттік берген адамдардың қадағалауынсыз ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға жол берілмейді.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 99-бабы 2-тармағына сәйкес мемлекеттік орман қорына кіретін жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің немесе олар уәкілеттік берген адамдардың қадағалауынсыз жаюға ерекше жағдайларда шалғайдағы, қол жеткізу қиын және халық аз қоныстанған аудандарда жүзеге асырылады;
7) ауыл шаруашылығы жануарларын теміржолдар арқылы және арнайы бөлінген жерлерден тыс, сондай-ақ тәуліктің қараңғы уақытында және жеткіліксіз көріну жағдайларында (әртүрлі деңгейлердегі мал айдаудан басқа) айдап өтуге (айдауға);
8) өзге жолдар болған кезде ауыл шаруашылығы жануарларын асфальт төселген және цементпен бетондалған жолдармен айдап өтуге (айдауға);
9) қоғамдық шомылатын орындарда, тоғандарда, субұрқақтарда, су айдындарында және жалпыға ортақ пайдаланылатын су айдындарында, ауыл шаруашылығы жануарларын суаруға жол берілмейді.
Ауыл шаруашылығы жануарларын суару үшін Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне сәйкес ортақ су пайдалану тәртібімен су объектілерінің ластануы мен қоқыстануын болдырмайтын суару алаңдары мен басқа да құрылғылары бар санитариялық қорғау аймақтарынан тыс су объектілерін пайдалануға жол беріледі.
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ауыл шаруашылығы жануарларын жаю тәртібі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 12 қазандағы №18-02/909 "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю қағидаларын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12259 болып тіркелді) бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю қағидаларына сәйкес айқындалады.
Әрбір маусымның (күндердің) жаю ұзақтығы нақты жылдың шарттарымен анықталады.
Ұсталған қараусыз жануарларды қамау, иелеріне қайтару тәртібі және иелерінің жауапкершілігі Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 246-бабына сәйкес айқындалады.
Маусымдық жаю жүйесінде ауыл шаруашылығы жануарлары көктемде-жазда-күзде жайылымдарда, қыста-толыққанды азықтандыру арқылы қорада ұсталады.
Жыл бойы жаю жүйесінде ауыл шаруашылығы жануарлары жыл бойы жайылымда болады.
Қолайсыз ауа райы жағдайында мал шаруашылығы қора-жайлары пайдаланылады және тиісті азық қоры құрылады.
Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің рұқсат етілген шекті нормалары асып кеткен жағдайда Жоспарға сәйкес аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ шегінде беріледі.
Айдауға жататын жануарларды іріктеу нормалары осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюды жүзеге асыратын бір адамға арналған жүктеме нормалары осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген.
Мал айдайтын жолдың жалпы алаңы қызмет көрсетілетін барлық аумақтың 4-5%-ынан аспайды.
Бұл жағдайларда мал айдайтын жолдың ені 200-300-ден 1000 метрге дейін және одан да көп алаңды құрайды.
ірі қара мал үшін далалық және орманды дала аймақтарында 2-4 км, қуаң далада, жартылай шөлейт және шөлейт жерлерде 4-6 км,
жылқылар үшін далалық және орманды дала аймақтарында 4-5 км, қуаң далада, жартылай шөлейт және шөлейт жерлерде 5-7 км,
түйелер үшін далалық және орманды дала аймақтарында 6-7 км, қуаң далада, жартылай шөлейт және шөлейт жерлерде 7-8 км,
қой мен ешкілер үшін далалық және орманды дала аймақтарында 2,5-4 км, қуаң далада, жартылай шөлейт және шөлейт жерлерде 3-6 км,
Республика бойынша құдықтар арасындағы қашықтық орташа 3,8 км.
1) Жоспардың іске асырылуын;
2) ауыл шаруашылығы жануарларының иелері арасында жайылымдарды ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы түсіндіру жұмысын жүзеге асыру, жиындар өткізу арқылы, жергілікті атқарушы органдардың сайттарында, баспа басылымдарында жариялау арқылы және ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органына оны іске асыру қорытындылары туралы жыл сайынғы есепті ұсынуды қамтамасыз етеді.
1) Жоспардың іске асырылуын қамтамасыз етуді және жергілікті өзін-өзі басқару органына (жергілікті қоғамдастық жиынына) оны іске асыру қорытындылары туралы жыл сайынғы есепті ұсынуды;
2) ауыл шаруашылығы жануарларының иелері арасында жайылымдарды ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы түсіндіру жұмысын жиындар өткізу арқылы, жергілікті атқарушы органдардың сайттарында, баспа басылымдарында жариялау арқылы жүзеге асыруды;
3) жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормаларының сақталуын;
4) қараусыз қалған ауыл шаруашылығы жануарларын уақытша ұстау орындарын ұйымдастыруды;
5) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қамтамасыз етеді;
6) ауыл шаруашылығы жануарларын жиналатын орындарды;
7) елді мекен ішіндегі ауыл шаруашылығы жануарларын табынды жиналатын орнына дейін, жайылатын учаскелерге дейін және кері айдау бағдарларды;
8) елді мекендер айналасындағы жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға арналған учаскелерді;
9) аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ шегінде жайылымдармен қамтамасыз етілмеген ауыл шаруашылығы жануарларын шалғайдағы жайылымдарға айдау бағдарларын;
10) шалғайдағы жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға арналған жас топтары мен түрлері бойынша учаскелерін айқындайды.
1) ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық-жастық топтары бойынша топтарын қалыптастыруды;
2) ауыл шаруашылығы жануарларының қалған топтарынан аналық (сауын) мал басын айыруды;
3) кенттердің және ауылдық елді мекендердің аумағы шегінде және шалғайдағы орналасқан жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаюды;
4) ауыл шаруашылығы жануарларын жаю, жаю орнына дейін және кері қарай айдап өту (айдау) кезінде сүйемелдеу;
5) елді мекендер шегінде жайылымдармен қамтамасыз етілмеген ауыл шаруашылығы жануарлары топтарын шалғайдағы жайылымдарға айдауды ұйымдастырады.
|
|
Қарағанды облысының |
|
Жыныстық-жастық топтары |
Жануарлардың саны, бас |
Тәуліктік айдау қашықтығы, километр |
|
Ірі қара мал |
||
|
Бұзаулы сиырлар (емізулі) |
150-200 |
15-20 |
|
Қашарлар (2 жасқа дейін) |
200-250 |
20-25 |
|
Бұқашықтар (2 жасқа дейін) |
200-250 |
20-25 |
|
Ұсақ мал |
||
|
Қозылы қойлар, |
500-600 |
20-30 |
|
Бір жылғы төл |
600-800 |
30-40 |
|
Жылқылар |
||
|
Құлынды биелер |
100-150 |
25-30 |
|
1,5-2 жастағы төл |
150-200 |
35-40 |
|
Түйелер |
||
|
Түйелер |
100-120 |
40-50 |
|
|
Қарағанды облысының |
|
Жыныстық-жастық топтары |
Қоңдылығы |
||
|
Ортадан төмен, бас |
Орташа, бас |
Ортадан жоғары, бас |
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
Ірі қара мал |
|||
|
Бұзаулы сиырлар (емізілулі) |
50-70 |
150-200 |
150-200 |
|
Қашарлар (2 жасқа дейін) |
100-150 |
200-250 |
200-250 |
|
Бұқашықтар (2 жасқа дейін) |
100-150 |
200-250 |
200-250 |
|
Ұсақ мал |
|||
|
Қозылы қойлар, |
400-500 |
500-600 |
500-600 |
|
Бір жылғы төл |
400-500 |
600-700 |
600-800 |
|
Жылқылар |
|||
|
Құлынды биелер |
50-7080-100 |
100-150120-150 |
150-200150-200 |
|
1,5-2 жастағы төл |
30-60 |
60-90 |
90-120 |
|
Түйелер |
|||
|
Түйелер |
30-60 |
60-90 |
90-120 |
|
|
Қарағанды облысының |
|
Ірі қара мал, бас |
Ұсақ мал, бас |
Жылқылар, бас |
Түйелер, бас |
|
150-ге дейін |
500-ге дейін |
100-ге дейін |
100-ге дейін |