2020 жылғы 15 мамырда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді. «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің» (бұдан әрі - Кодекс) 23 бабының, 2 тармағы, 27 тармақшасына сәйкес жұмыс беруші еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен жұмыскермен еңбек шартын жасасу және тоқтату, осы Кодекстің 28-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 13) тармақшаларында көзделген мәліметтер қамтылған, оған енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізуге міндетті.
Электрондық шарттар Еnbek.kz порталында Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізіледі.
Барлық туындаған сұрақтар бойынша «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не хабарласыңыздар: Жеңіс көшесі, 45, жұмыс телефоны 7 67 70.