Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, «Саран қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен мемлекеттік қызметтердің 4 түрі көрсетіледі, оның ішінде 1-і ақысыз негізде:
1.«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилермен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру».
2.«Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу)».
3.«Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерiстер мен толықтыруларды (оның iшiнде, меншiк құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру».
4.«Тракторларға және олардың базасында жасалған өзi жүретiн шассилер мен механизмдерге, олардың тiркемелерiне, соған қоса арнайы жабдық орнатылған тiркемелерге, өзi жүретiн ауыл шаруашылығы, мелоративтiк және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiне, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарға жыл сайынғы мемлекеттiк байқау өткiзу» (ақысыз негізде көрсетіледі).
2020 жылдың басынан бастап бөліммен мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 4 түрі бойынша 169 мемлекеттік қызмет, оның ішінде 71 мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетілді. Барлық көрсетілген мемекеттік қызметтердің ішінде электрондық түрде 160 мемлекеттік қызмет немесе көрсетілген қызметтердің жалпы санының 95% көрсетілді.
2020 жылғы 12 айдың ішінде 154 келушіге көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдану тәртібі туралы, техникалық инспекция саласында мемлекеттік қызмет алу құқығы туралы ақпарат берілген 507 кітапша таратылды.
Есепті кезеңде қызметкерлердің кінәсінен қызмет көрсетудің белгіленген мерзімінің бұзылуы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты расталған және дәлелді шағымдар жоқ.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің, оның ішінде www.egov.kz. «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілетін қызметтердің саны мен сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдануда.
Бөлімнің ресми сайтында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі, сондай-ақ шағымдану тәртібі туралы ақпарат орналастырылған. Ақпарат қажеттілігіне қарай жаңартылып тұрады.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында «Саран қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ережелері мен стандарттары, өтініш бланкілерінің үлгілері орналастырылған стенд бар. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша азаматтардан шағымдар түскен жоқ.
Күн сайын телефон арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша консультациялар жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметтердің сапалы және уақытылы көрсетілуіне бақылау жүргізуді жүзеге асыру бойынша жұмыстар жалғасуда.