
Шағын және орта бизнес
Қала аумағында қолайлы бизнес-климат құру жергілікті атқарушы органдар қызметінің негізгі басымдықтарының бірі болып табылады.
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қала аумағында 2831 шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді, 2023 жылмен салыстырғанда олардың өсімі 2,6% -ды құрады.
2024 жылдың қорытындысы бойынша ШОБ өнімдері мен қызметтерін шығару көлемі 81192 млн.теңгені құрады, НКИ 2023 жылға қарағанда 101%-ды, шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 7,2 мың адамды немесе 2023 жылғы деңгейге 100,2%-ды құрады.
Бизнесті қолдау үшін 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлердің қатысуы бойынша жәрдем көрсетілді.
Жыл басынан бері Саран қаласы бойынша бірыңғай кешенді бағдарлама аясында жалпы сомасы 1788,6 млн. теңгеге 40 жобаға қолдау көрсетілді, оның ішінде 1750,5 млн.теңгеге 36 жоба субсидияланды, жалпы кепілдік сомасы 38,1 млн. теңгеге 4 жобаға кепілдік берілді.
Жаңа бастаған жас кәсіпкерлер үшін қалалық бюджет есебінен ағымдағы жылы Саран қаласы әкімінің жалпы сомасы 10,0 млн. теңгеге 4 гранты берілді.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар (400 АЕК) әлеуметтік санаттар арасынан 10 субъектіге берілді.
Сондай-ақ, бизнесті өндірістік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету шаралары шеңберінде санитарлық-гигиеналық өнім шығаратын зауытқа сумен жабдықтау желілері (құны 97,6 млн.теңге) және газ құбыры (құны 84,3 млн. теңге), тұрмыстық техника өндіретін зауытқа арналған электрмен жабдықтау желілері (құны 120,9 млн. теңге) жеткізілді. «Silk Road Electronics» ЖШС өндірістік корпусына сумен жабдықтау және су бұру жұмыстары басталды (құны 134,6 млн. теңге), жұмыстардың аяқталу мерзімі-2025 жыл.