
Инвестициялық ахуалды дамыту
Экономикалық өсудің негізгі факторы экономиканың шикізаттық емес секторларына инвестициялар тарту және қолайлы инвестициялық ахуал жасау болып табылады.
Солтүстік өнеркәсіптік аймақта Саран қаласының аумағында қолайлы инвестициялық жағдайларды қалыптастыру мақсатында Қарағанды облысы әкімдігінің 2021 жылғы 15 наурыздағы № 18/01 қаулысымен жалпы алаңы 207 га жаңа өндірістерді орналастыру үшін дайын инженерлік инфрақұрылымы бар Республикалық маңызы бар «Saran» индустриялық аймағы құрылды.
Қазіргі уақытта индустриялық аймақта инвестициялардың жалпы сомасы 279 млн. теңгені құрайтын 5 инвестициялық жоба іске асырылуда.
2024 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 107877 млн. теңге немесе 2023 жылға қарағанда 95,2%-ды құрады.
Бұл ретте инвестициялардың 94,5%-ы жеке компаниялар есебінен тартылды.
Инвесторларды іздеу және тарту жұмыстары жалғасуда.
«Saran» индустриялық аймағын инвестициялық жобалармен толықтыру мақсатында «Kazakh Invest» Қарағанды облысы бойынша филиалымен бірлесіп әлеуетті инвесторлармен тұрақты кездесулер өткізіледі.