Приозерск қаласы тұрғындарының назарына!
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Приозерск қаласының тұрғындарымен кездесу өткізеді.
Өңір басшысы тұрғындармен кездесіп, жеке қабылдау өткізеді.
Халықпен кездесу 2026 жылғы 30 қыркүйек күні сағат 11.00-де Приозерск қаласының «Достық» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығында өтеді.
Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өтініштеріңізді жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) (8-71039) 5-30-06 телефоны бойынша қалдыруға немесе prio_akimat@akimat09.kz электрондық поштасына жіберуге болады.
Құрметті Приозерск қаласы тұрғындары!
Сіздерді «АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУҒА» шақырамыз.
Іс-шара барысында облыстық басқармалардың, қалалық бөлімдердің басшылары өзекті мәселелер бойынша сұрақтарға жауап береді.
Өтетін күні, уақыты: 2026 жылғы 18 қыркүйек, сағат 10.00 - 12.00
Өтетін орны: Жастар ресурстық орталығы ғимараты, Қошқарбаев көшесі, 6 үй
Алдын ала жазылу телефоны: 8(71039)5-30-06
Астана күніне орай ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Астана күнінде, яғни 6 шілдеде халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді.
Ал 4 шілде, сенбі күні кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-ларда қызмет көрсетіледі. Кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды. Мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштерді қабылдау сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін, ал дайын құжаттарды беру сағат 13:00-ге дейін жүзеге асырылады.
7 шілдеден бастап ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар қалыпты жұмыс кестесіне көшеді.
Кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың өзекті тізімін Мемлекеттік корпорацияның Instagram-дағы ресми парақшасынан, сондай-ақ 1414 байланыс орталығы арқылы білуге болады.
Құрметті Приозерск қаласының
тұрғындары!
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығын орындау үшін барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізіп, оның барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағытының негізгі бағыттары туралы хабардар етіп, проблемалық мәселелерді шешу жолдары мен мерзімдерін түсіндіреді.
2026 жылғы 11 маусымда сағат 16.00-де Приозерск қаласы әкімі М.Т. Ахметовтың тұрғындармен кездесуі өтеді.
Кездесу барысында тұрғындар мен жергілікті атқарушы биліктің, арасында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында халықпен кері байланыс барынша орнатылады.
Қала әкімі жергілікті атқарушы органдар-дың, прокуратура және ішкі істер органдарының басшылық құрамымен, мәслихат депутаттары-мен, Қоғамдық кеңес мүшелерімен, жергілікті зиялылармен бірлесіп, азаматтарды жеке қабылдау өткізеді.
Азаматтарды толғандыратын проблемалық мәселелерді және ұсыныстар мен ескертулерді жинақтау үшін арнайы орындарда жәшіктер қойылады.
Айтылған ескертулер мен ұсыныстар әкімдердің жұмысына баға беруде ғана емес, сонымен бірге жасалатын нақты жоспарлар мен шараларда көрсетілетін болады.
Қала әкімдігі
Жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік cубъектілерінің қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу үшін өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру
Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіміне енгізу үшін өтінімдер қабылдау туралы жариялайды.
Өтінімдерді қабылдау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шілдедегі № 140 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады.
Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға оны тізімге енгізу мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына арнайы комиссияның қарауына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) жеке кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тізімге енгізу туралы осы Қағиданың 2 – қосымшасына сәйкес нысаны бойынша өтініш (бұдан әрі-өтініш);
2) жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға оны тізімге енгізу үшін санатына байланысты осы Қағиданың 6-9-тармақтарында көрсетілген құжаттар;
3) өтініш берушінің уәкілетті адамының өтінішке қол қою құқығын куәландыратын сенімхаты (өтініш берушінің сенімхат негізінде әрекет ететін өкілі құжаттарды берген жағдайда).
Жеке кәсіпкерлерді немесе заңды тұлғаларды әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне енгізу үшін құжаттар 2026 жылғы 1 маусымнан 15 маусымға дейін жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның тіркелген жері бойынша қабылданады:
- «Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ, Қарағанды қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 39, 103 кабинет, 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі ас 13.00-ден 14.30-ға дейін.), байланыс телефоны: 8(7212) 421505, электрондық пошта мекенжайы: guop_karaganda@mail.ru;
- «Балқаш қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, Балқаш қаласы, Уәлиханов көшесі 5, 3-қабат 11-кабинет, 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі ас 13.00-ден 14.30-ға дейін.), байланыс телефоны: 8 (71036) 4-03-32, электрондық пошта: blhop@mail.ru;
- «Приозерск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ
Приозерск қ., Балқаш көшесі 5, 317-кабинет, 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі ас 13.00-ден 14.30-ға дейін.), байланыс телефондары: 8 71039 53381, электрондық пошта : prio_op@mail.ru;
- Саран қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі ММ Саран қ. Жамбыл көш., 67, 108 кабинет. 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі ас 13.00-ден 14.30-ға дейін.), байланыс телефондары: 8(72137)74030, 74077. opsaran@mail.ru;
- «Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ
Теміртау қаласы, Тәуелсіздік Гүлзары, 9, 3 қабат, сол жақ қанат, 331 кабинет, 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі ас 13.00-ден 14.30-ға дейін.), Байланыс телефоны: 8 (7213) 41-01-47, электрондық пошта мекенжайы: gu_tem@mail.ru;
- «Шахтинск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ Шахтинск қаласы, Қазақстан көшесі 101, 11-кабинет, 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі ас 13.00-ден 14.30-ға дейін.), байланыс телефондары: 8(72156)50026, 50234 электрондық пошта: sh_opp@akimat09.kz;
- «Абай ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ, Абай қ., Ә. Молдағұлова көшесі 41, 3 кабинет, 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі ас 13.00-ден 14.30-ға дейін.), байланыс телефондары: 8 72131 41991, электрондық пошта abay_opp@mail.ru;
- «Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ
Ақтоғай ауылы, Бөкейхан көшесі 19, 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі ас 13.00-ден 14.30-ға дейін.), байланыс телефондары: 87103721634, 87103721327, электрондық пошта aktogai-opp@mail.ru;
Ботақара кенті, Қазыбек Би көшесі 50А, 4 кабинет, 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі ас 13.00-ден 14.30-ға дейін.), байланыс телефондары: 8 72154 22230, электрондық пошта otdpp@mail.ru;
- «Қарқаралы ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ, Қарқаралы қаласы, Т.Әубәкіров көшесі, 19, 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі ас 13.00-ден 14.30-ға дейін.), байланыс телефоны: 8 (72146) 32080, 31996 электрондық пошта мекенжайы: karkar_otd_opp@mail.ru;
- «Нұра ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ
Нұра кенті, Абай көшесі, 48. 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі ас 13.00-ден 14.30-ға дейін.), байланыс телефондары: 8(72144)22126, 8(72144)22497 электрондық пошта opp_nura@mail.ru;
Осакаров к., Х.Байғабылов көшесі, 48, 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі ас 13.00-ден 14.30-ға дейін.), байланыс телефоны: 87214942247, электрондық пошта otd_predpr_or@mail.ru;
- «Шет ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ, Ақсу-Аюлы ауылы, Шортанбай жырау 10, 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі ас 13.00-ден 14.30-ға дейін.), байланыс телефондары: 8 7103121-2-14, 50-8-44, электрондық пошта shet_opp@mail.ru;
- «Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ, Қарағанды қ., Әлиханов көшесі, 13, № 310 кабинет, жұмыс күндері 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі ас 13.00-ден 14.30-ға дейін.) қабылданады, телефон 8 (7212) 503875. электрондық пошта kasenova@akimat09.kz.
Әлеуметтік кәсіпкерлік туралы ақпарат
Ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шілдедегі № 140 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – Бұйрық) сәйкес дайындалды.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 79-1-бабына сәйкес әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің азаматтар мен қоғамның әлеуметтік проблемаларын шешуге жәрдемдесетін, осы Кодекстің 79-3-бабында көзделген шарттарға сәйкес жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызметі әлеуметтік кәсіпкерлік болып табылады.
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) жатады.
Әлеуметтік кәсіпкерліктің негізгі міндеттері:
1) кәсіпкерлік субъектілерінің әлеуметтік проблемаларды шешуге қатысуын, оның ішінде әлеуметтік инновацияларды енгізу және осы Кодекстің 79-3-бабында көзделген әлеуметтік қызметтер көрсетуге жәрдемдесу арқылы қамтамасыз етуді қамтиды.
Осы Кодекстің мақсаттары үшін әлеуметтік инновациялар деп қоғамда әлеуметтік өзгерістер туғызатын әлеуметтік маңызы бар міндеттерді шешуге ықпал ететін жаңа идеялар, стратегиялар, технологиялар түсініледі;
2) осы Кодекстің 79-3-бабында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге жәрдемдесу және олар үшін қоғамдық пайдалы қызметке қатысу үшін басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасау;
3) Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері өндіретін, орындайтын жұмыстарды, көрсететін қызметтерді, оның ішінде осы Кодекстің 79-3-бабында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтарының жеке еңбегімен қатысуы арқылы нарыққа жылжыту болып табылады.
Өтінімдерді қабылдау жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның тіркелген жері (заңды мекенжайы) бойынша елді мекенде жүзеге асырылады.
Мәлімдемелер. жергілікті атқарушы органға түсушілерді арнайы комиссия қарайды.
Арнайы комиссия – жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізуге қатысты мәселелерді қарау мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары жанындағы Мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық бірлестіктер мен кәсіптік одақтардың өкілдері қатарынан құрылатын консультативтік-кеңесші орган;
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі (бұдан әрі – ӘКС) – тізілімге енгізілген дара кәсіпкер немесе заңды тұлға (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) мынадай санаттарға бөлінеді;
Қағидалардың 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес:
бірінші санаттағы ӘКС – азаматтардың мынадай санаттарын:
мүгедектігі бар адамдарды;
мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-ананы және басқа да заңды өкілдерді;
зейнеткерлерді және зейнеталды жастағы азаматтарды (жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне құқық беретін жасқа келгенге дейін бес жыл ішінде);
балалар ауылдарының тәрбиеленушілерін және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектерін – жиырма тоғыз жасқа дейін;
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен жазасын өтеуден босатылған адамдарды – босатылғаннан кейін алпыс ай ішінде;
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жүрген және пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды;
белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды;
аз қамтылған, көпбалалы немесе толық емес отбасыларға жататын ата-аналарды және басқа да заңды өкілдерді, сондай-ақ "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарды;
наркологиялық науқастарды медициналық-әлеуметтік оңалтудан немесе психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділікті емдеуден өткен адамдарды – оңалту немесе емдеу жүргізілгеннен кейін он екі ай ішінде;
қандастарды әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі қызметкерлерінің арасында осындай санаттардың кез келгеніне (осындай санаттардың біріне немесе бірнешеуіне) жататын адамдардың орташа жылдық саны алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша кемінде елу пайызды құраған (бірақ осындай санаттарға жататын кемінде екі адам болған), ал еңбекке ақы төлеу шығыстарында осындай санаттардың кез келгеніне (осындай санаттардың біріне немесе бірнешеуіне) жататын адамдардың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстардың үлесі кемінде жиырма бес пайызды құраған жағдайда, жұмыспен қамтуға ықпал етеді (жұмыскердің әлеуметтік мәртебесі еңбек шартын жасасқан кезде белгіленеді);
Қағидалардың 2-тармағының 8-тармақшасына сәйкес: 8) екінші санаттағы ӘКС – осы Қағидалардың 2-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген санаттар қатарындағы азаматтардың өндіретін тауарларын, орындайтын жұмыстарын, көрсететін қызметтерін өткізуге ықпал ететін ӘКС. Бұл ретте алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асырудан түскен кірістердің үлесі ӘКС кірістерінің жалпы көлемінің кемінде елу пайызын құрауға, ал осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) ағымдағы күнтізбелік жылда жүзеге асыруға бағытталған алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде алынған таза кірістің үлесі көрсетілген кіріс мөлшерінің кемінде елу пайызын (алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде таза кіріс болған жағдайда) құрауға тиіс;
Қағидалардың 2-тармағының 9-тармақшасына сәйкес:
9) үшінші санаттағы ӘКС – Мүгедектерге арналған, олардың тыныс-тіршілігінің шектеулерін еңсеруге немесе орнын толтыруға мүмкіндік беретін жағдайлар жасау мақсатында, сондай-ақ осы Қағидалардың 2-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген өзге де адамдарға арналған тауарлар өндіру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, қоғамдық пайдалы қызметке қатысу үшін басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасау мақсатында, егер мүгедектер қоғамдық жұмыстарға тартылған, өткен күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асырудан түскен кірістердің үлесі ӘКС кірістерінің жалпы көлемінің кемінде елу пайызын құрайтынын, ал ағымдағы күнтізбелік жылда осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асыруға бағытталған алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде алынған таза кірістің үлесі көрсетілген кіріс мөлшерінің кемінде елу пайызын құрайтынын келесі қызмет түрлеріне сәйкес (алдыңғы күнтізбелік жылда таза кіріс болған жағдайда) :
тұрмыстағы тіршілік әрекетін қолдауға бағытталған әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету бойынша;
азаматтардың денсаулық жағдайының өзгеруін анықтау үшін жүйелі бақылау, сауықтыру іс-шараларын жүргізуге көмек көрсету, күтімді ұйымдастыру жолымен денсаулықты сақтауға және қолдауға бағытталған әлеуметтік-медициналық қызметтер көрсету бойынша;
әлеуметтік ортаға бейімделу үшін психологиялық жағдайды түзетуге көмек көрсетуді көздейтін әлеуметтік-психологиялық қызметтер көрсету бойынша;
мінез-құлықтағы ауытқулардың алдын алуға бағытталған әлеуметтік-педагогикалық қызметтерді көрсету;
жұмысқа орналасуға және еңбекке бейімделуге байланысты өзге де проблемаларды шешуге көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік-еңбек қызметтерін көрсету бойынша;
коммуникативтік әлеуетті арттыруды, оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді көздейтін қызметтерді, әлеуметтік сүйемелдеу жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша;
медициналық техниканы өндіру және (немесе) өткізу бойынша,
протездік-ортопедиялық құралдар, цифрлық денсаулық сақтау саласындағы бағдарламалық қамтылым, сондай-ақ аурулардың профилактикасы, мүгедектерді оңалту, оның ішінде мүгедек балаларды медициналық абилитациялау үшін ғана пайдаланылуы мүмкін техникалық құралдар;
мүгедектер мен зейнеткерлердің демалысын және сауықтырылуын ұйымдастыру бойынша;
қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру бойынша;
мүгедектер мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін әлеуметтік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету, көлік құралдарын пайдалану, ақпарат беру кезінде байланыстың әмбебап қызметтерін көрсету бойынша жағдайлар жасау бойынша;
Қағидалардың 2-тармағының 10) тармақшасына сәйкес:
10) төртінші санаттағы ӘКС – Қызметті жүзеге асыратын ӘКС алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асырудан түсетін кірістердің үлесі ӘКС кірістерінің жалпы көлемінің кемінде елу пайызын, ал осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) ағымдағы күнтізбелік жылда жүзеге асыруға бағытталған алдыңғы күнтізбелік жылда алынған таза кірістің үлесі келесі қызмет түрлерінің қатарынан көрсетілген кіріс мөлшерінің (алдыңғы күнтізбелік жылда таза кіріс болған жағдайда) кемінде елу пайызын құрайтын:
отбасын нығайтуға, балалардың отбасылық тәрбиесін қамтамасыз етуге және ана мен баланы қолдауға бағытталған психологиялық-педагогикалық және өзге де қызметтер көрсету бойынша;
балалардың демалысын және сауықтырылуын ұйымдастыру бойынша;
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыру бойынша;
мүмкіндіктері шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау, негізгі орта және жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын меңгеруде, дамуында және әлеуметтік бейімделуде қиындықтары бар білім алушылар мен тәрбиеленушілерге Медициналық және әлеуметтік көмек көрсету бойынша;
әлеуметтік бағдарланған коммерциялық емес ұйымдардың жұмыскерлері мен еріктілерін (волонтерлерін) осындай ұйымдардың қызметтер көрсету сапасын арттыруға бағытталған оқыту бойынша;
мәдени-ағарту (оның ішінде жеке музейлердің, театрлардың, кітапханалардың, мұрағаттардың, мектеп-студиялардың, шығармашылық шеберханалардың, ботаникалық және зоологиялық бақтардың, мәдениет үйлерінің, халық шығармашылығы үйлерінің қызметі);
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі;
осы Қағидалардың 2-тармағының 7)-10)тармақшаларында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтарына гериатриялық және геронтологиялық көмек көрсету, денсаулық және ұзақ өмір сүру орталықтарын ұйымдастыру, салауатты өмір салтын жүргізу жөніндегі іс-шаралар бойынша ұсыныстар енгізеді.
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу бойынша өтініштер беру үшін қажетті құжаттар тізбесі:
Дара кәсіпкер немесе заңды тұлға оны Тізілімге енгізу мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына арнайы комиссияның қарауына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 2 – қосымшаға сәйкес нысан бойынша дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тізілімге енгізу туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш);
2) осы Қағидалардың 6-9– тармақтарында көрсетілген құжаттар, оған сәйкес жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға оны Тізілімге енгізу үшін өтініш жасайтын санатқа қарай;
3) өтініш берушінің уәкілетті адамының өтінішке қол қою құқығын куәландыратын сенімхаты (өтініш берушінің сенімхат негізінде әрекет ететін өкілі құжаттарды берген жағдайда).
Бірінші санатты ӘКС үшін:
Жеке кәсіпкер немесе ӘКС бірінші санатына жатқызу шарттарына сәйкес келетін заңды тұлға өтінішпен бірге облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына арнайы комиссияның қарауына ұсынады:
1) өтініш берген күнге жарамды өтініш берушінің штат кестесінің көшірмесін;
2) ӘКС-тің бірінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы өтініш берушінің қызметкерлерімен жасалатын еңбек шарттарының көшірмелерін;
3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша өтініш берушінің қызметкерлерін ӘКС-тің бірінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтарына жатқызуды растайтын құжаттардың көшірмелерін;
4) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беруші қызметкерлерінің саны мен жалақысы туралы мәліметтерді;
5) ӘКС-тің бірінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы өтініш беруші қызметкерлерінің дербес деректерін өңдеуге арналған келісімдердің көшірмелерін (дербес деректердің дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тізілімге енгізу мақсаты үшін жергілікті атқарушы органдарға ұсынылатынын көрсете отырып) ұсынады.
Екінші санатты ӘКС үшін:
ӘКС екінші санатына жатқызу шарттарына сәйкес келетін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға өтінішпен бірге облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына арнайы комиссияның қарауына ұсынады:
1) ӘКС бірінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы азаматтар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу туралы мәліметтер осы Қағидаға 5-қосымша;
2) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша ағымдағы күнтізбелік жылы осындай қызметті жүзеге асыруға бағытталған алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде кірістердің жалпы көлеміндегі алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша өтініш беруші ӘКС -ның екінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қызметті жүзеге асырудан алған кірістердің үлесі және өтініш беруші алған таза пайданың ағымдағы күнтізбелік жылда үлесі туралы анықтаманы ұсынады.
Үшінші санаттағы ӘКС үшін:
Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ӘКС үшінші санатына жатқызу шарттарына сәйкес өтінішпен бірге облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына арнайы комиссияның қарауына ұсынады:
1) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіршілік-тынысының шектеулерін еңсеруге немесе орнын толтыруға мүмкіндік беретін жағдайлар жасау, сондай-ақ қоғам өміріне басқа азаматтармен тең қатысу мүмкіндіктері мақсатында ӘКС -тың үшінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген санаттар қатарындағы азаматтарға арналған тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру туралы мәліметтерді ӘКС-тың үшінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қызмет бағыттарына сәйкес мұндай азаматтар үшін;
2) ағымдағы күнтізбелік жылы осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асыруға бағытталған алдыңғы күнтізбелік жыл ішіндегі кірістердің жалпы көлеміндегі алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша өтініш берушінің ӘКС-ның үшінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асырудан алған табыстарының үлесі және өтініш берушінің алған таза пайдасының үлесі туралы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша анықтаманы қосымша ұсынады.
Төртінші санаттағы ӘКС үшін:
ӘКС-тың төртінші санатына жатқызу шарттарына сәйкес келетін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға өтінішпен бірге облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына арнайы комиссияның қарауына ұсынады:
1) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоғамдық пайдалы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған және ӘКС-тың төртінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қоғамның әлеуметтік проблемаларын шешуге ықпал ететін қызметті жүзеге асыру туралы мәліметтер;
2) ағымдағы күнтізбелік жылда осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асыруға бағытталған, алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша ӘКС-ның төртінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асырудан өтініш беруші алған кірістердің үлесі және алдыңғы күнтізбелік жылда осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асыруға өтініш беруші алған таза пайданың үлесі туралы анықтама, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес 3-нысан бойынша көрсетілген пайданың мөлшерінен (алдыңғы күнтізбелік жылда таза пайда болған жағдайда).
2026 жылғы 18 мамыр мен 27 маусым аралығында «Приозерск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу шеңберіндегі проблемалық мәселелерге қатысты сұрақтар немесе нақты фактілер туындаған жағдайда, «Приозерск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-не 8 (71039) 5-33-81 телефоны арқылы хабарласуға болады.
Жаңа жағалау аймағы, абаттандырылған жағажайлар, су бойындағы дәмханалар, жағалау бойымен тартылған веложолдар және концерттер мен спорттық турнирлер өтетін ауқымды жастар саябағы. Болашақта туризмге басымдық беретін қала ретінде Приозерск осындай келбетке ие болмақ.

Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттары кезекті XXXII сессияда қаланың егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен ұштастырылған Бас жоспарына енгізілген түзетулерді бекітті. Құжат 2038 жылға дейінгі кезеңді қамтиды және заманауи туристік-рекреациялық ортаны қалыптастыруға, сондай-ақ қалалық инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған.

Негізгі басымдық жағалау аумағына берілген. Ұзындығы шамамен жеті шақырымды құрайтын демалыс аймағы кешенді түрде абаттандырылмақ. Жоба аясында жағажайлар, көлеңкелі шатырлар, жарықтандыру және көгалдандыру жүйелері, балалар алаңдары және өзге де абаттандыру элементтері қарастырылған.

— Приозерск елеулі табиғи және мәдени әлеуетке ие. Біз туризмді қаланы дамытудың стратегиялық бағыты ретінде қарастырамыз және Приозерскіні заманауи туристік орталыққа айналдыру жолында нақты қадамдар жасап отырмыз. Бас жоспарға енгізілген түзетулер саланың ұзақмерзімді даму әлеуетін ескере отырып әзірленді және қалалық ортаны кешенді әрі орнықты дамытуға бағытталған, — деп атап өтті қала әкімі Мансур Ахметов.

Қаланың батыс және шығыс бөліктерінде әрқайсысының аумағы шамамен 20 гектарды құрайтын демалыс аймақтарын салу жоспарланып отыр.

Тағы бір маңызды жоба — жастар саябағы. Оның аумағында спортпен айналысуға, би билеуге және концерттер өткізуге арналған алаңдар қарастырылған. Саябақ арқылы негізгі демалыс аймақтарын байланыстыратын жағалау желісі өтеді.

Жоба қаланы кезең-кезеңімен дамытуды, аумақты толық игеруді және тұрғындардың әлеуметтік әрі тұрғын үй жағдайларын жақсартуды көздейді.
Сондай-ақ электрмен жабдықтау, су құбыры және кәріз жүйелерін жаңғырту, екі қазандық салу және жаңа магистральдық жылу желілерін тарту қарастырылған. Инженерлік коммуникациялар қуат резервімен жобаланады, ал жаңбыр және еріген қар суларын бұру үшін жергілікті ағын суларды әкету жүйесі бар кәріз жүйесін салу жоспарланған.

— Приозерскінің жаңа Бас жоспары — қаланың болашағына арналған стратегиялық көзқарас. Мұнда туристік әлеуетті дамытуға және жайлы қалалық орта қалыптастыруға, қолжетімді мектептер мен балабақшалар салуға, заманауи индустриялық аймақтар құруға, шағын және орта бизнесті қолдауға, жол және инженерлік инфрақұрылымды жаңартуға басымдық берілген, — деп атап өтті облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.