
Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Жігер» балалар мен жасөспірімдер клубтарының бірлестігі қала балалары мен жасөспірімдеріне арналған «Біз достығымызбен күштіміз» атты қызықты квест-ойын өткізді.
Ойын форматында балалар өзара түсіністік, бірлік пен халықтар арасындағы достықтың маңыздылығын үйренді.
Іс-шараның серіктесі ШҚО Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы болды, бұл қатысушыларға қауіпсіз және салауатты өмір салтының маңызды тақырыптарын талқылауға қосымша мүмкіндік берді. Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің аға уәкілі полиция майоры Сағатбек Қуатбекұлы құттықтау сөзінде балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастырудың және зиянды әдеттердің алдын алудың маңыздылығын атап өтіп, іс-шараға қатысушыларды алдағы мамыр мерекелерімен құттықтады.
Квест балаларды біріктіріп, әрбір қатысушының жүрегінде маңызды құндылықтар қалдырды. Ал біздің серіктестеріміз балаларға сыйлықтар сыйлады.