
2025 жылғы 29 сәуірінде қала мектептерінің оқушылары Жеңістің 80 жылдығына арналған облыстық ауқымдағы сандық сабаққа қатысты. Сабақты Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің № 34 мектеп-лицейінің педагог -зерттеушісі Барышева Тамара Владимировна жүргізді. Сабақта қала және облыс мектептері оқушыларының әлеуметтік-волонтерлік жобалары таныстырылды. Сонымен қатар, сабақта ҰОС қатысқан жауынгерлерінің балаларымен, немерелерімен сұхбат форматындағы «Тірі дауыстар» жобалары ұсынылды.
Сабақ соңында облыс пен қала мектептерінің оқушылары ҰОС қатысқан туыстары туралы әңгімелеуге мүмкіндік алды. Сабақ «Өркен» өңірлік орталығының сандық алаңында өтті. Сабаққа барлығы 3000 оқушы мен педагог қатысты.