Қ. Бітібаева атындағы республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі

Қ. Бітібаева атындағы республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі

2025 жылғы 28 ақпанда ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы білім беру бөлімінің «№27 орта мектеп» КММ-де 9–11 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиеті бойынша Қ. Бітібаева атындағы республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өтті. Олимпиадаға барлығы 70 оқушы қатысты.

Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәніне деген қызығушылығын арттыру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, тілдік сауаттылығын жетілдіру және дарынды оқушыларды анықтау.
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз! Білімге деген талпыныстарыңыз әрдайым жемісті болып, алға қойған мақсаттарыңызға жете беріңіздер. Жарыс рухы сіздерге сенімділік пен шабыт сыйласын!