«Ішіңдегі жарықты нұрландыр: Оқушыларды қолдауға арналған ресурстық жағдай» атты шеберлік-сыныбы

«Ішіңдегі жарықты нұрландыр: Оқушыларды қолдауға  арналған  ресурстық жағдай» атты шеберлік-сыныбы

Өскемен қаласындағы мектептердің педагог- психологтарына арналған «Ішіңдегі жарықты нұрландыр: Оқушыларды қолдауға  арналған  ресурстық жағдай» атты шеберлік-сыныбы.

Қазіргі білім беру жағдайында мұғалімдер күн сайын эмоционалды және стресстік қиындықтарға тап болады.  Өскемен қаласының білім бөлімінің басшылығымен «Бриг» жеке кәсіпкерлік мектебінде «Ішіңдегі жарықты нұрландыр: Оқушыларды қолдауға арналған ресурстық жағдай» атты шеберлік сыныбы өткізілді. Бұл шеберлік сыныбы мұғалімдердің эмоционалдық құзыреттілігін дамытуға, өзін-өзі реттеу әдістерін меңгеруге және мұғалімдер қауымында қолдаушы ахуалды  құруға бағытталды. Осы шеберлік-сыныпта «Сенім» шығармашылық тобының педагог-психологтары: Дорошенко А.В.( №4), Иванова С. А.(№4), Мурзашева Д.М.(№2),  Пустовет О.В.(№ 2), Гущина А. Е. («Бриг») өз жұмыстарын көрсетті. Яғни,  педагогтердің педагогикалық іс-әрекетте өзінің  бойындағы жағымсыз эмоцияларын қабылдай алуы және оны танып, басқара білу, сондай-ақ сол эмоцияларымен жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыру болды. Шеберлік-сыныбында игерілген әдістер, педагог-психологтарға педагогтардың да, олардың оқушыларының да әл-ауқатына ықпал ететін неғұрлым қолайлы ортасын құруға мүмкіндік береді.