«Әр балаға тең мүмкіндік» инклюзивті білім беруді дамыту бойынша қалалық оқыту семинары

«Әр балаға тең мүмкіндік» инклюзивті білім беруді дамыту бойынша қалалық оқыту семинары

2025 жылдың 26 ақпанында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 19 мектеп-қосымша білім беру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде инклюзивті білім беруді дамыту бойынша облыстық «Мектеп – барлығы үшін» шарасы аясында «Әр балаға тең мүмкіндік» инклюзивті білім беруді дамыту бойынша қалалық оқыту семинары ұйымдастырылды. Шараға қаланың 49 мектебінен  директордың инклюзиялық білім бойынша орынбасарлары қатысты. Семинар барысында «Инклюзивті білім беруді нормативті-құқықтық қамтамасыз ету» тақырыбында инклюзивті білім берудегі нормативті-құқықтық актілердегі енгізілген өзгерістермен қалалық білім беру әдіскері Кудербаева Гульжанар Фазыловна және «№ 26 орта мектебі» КММ-нің директорының инклюзия бойынша орынбасары Ибраимова Асель Болаткановна таныстырды. «Мектеп-барлығы үшін» ШҚО білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау бойынша әдістемелік ұсынымдар» жинағын құрастырушылар  Чечулина Алена Степановна, «Негізгі орта мектеп-интернат» педагог-психологы және «Жеке оқу бағдарламаларын қысқарту және құру жөніндегі ұсыныстармен»   Зейнолдина Амина Даулетовна, «№37 көпбейінді мектеп» психолог, дефектологы өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. «ПМПК жағдайында балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтау» тақырыбында «Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес» психологы Давыдова Марина Михайловна кеңес берді.

«№27 орта мектеп» директорының оқу ісі бойынша орынбасары  Ксембаева Асель Жумадиловна және «№19 орта мектеп» директорының оқу ісі бойынша орынбасары   Булашко Анастасия Сергеевна ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психолого-педагогикалық қолдау бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.

Кері байланыс барысында қатысушылар өз сұрақтарына жауап алып, өткізілген іс-шараның өзектілігін атап өтті.