
26 ақпанда Оқушылар шығармашылығы сарайы базасында қосымша білім беру ұйымдары директорының ТЖ жөніндегі орынбасарлары үшін "Оқушылардың демалыс кезеңіндегі бос уақытын жоспарлау" атты қалалық тәжірибелік семинары өтті. Қалалық білім бөлімінің атынан қосымша білім беру әдіскері Ж. Н. Тюлюкова ұйымдастырды. Семинар барысында Сарайдың жұмыс тәжірибесі қарастырылып, балаларға арналған бірнеше заманауи интерактивтерді қатысушыларға ұсынды.