
2025 жылдың 26 ақпанында Өскемен қаласы білім бөлімінің жоспарына сәйкес, №46 орта мектеп базасында ағылшын тілі мен орыс тілі және әдебиеті мұғалімдеріне арналған семинар өтті. Семинардың тақырыбы — «Тіл пәндері сабақтарында заманауи әдістер арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру». Оқу сауаттылығы – оқушылардың ақпаратты түсініп, қолдана алу қабілеті. Бұл дағды қазіргі білім беру жүйесінде маңызды орын алады.
Заманауи әдістер мен инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың оқу дағдыларын жетілдіріп, сыни ойлау қабілеттерін дамытуға болады. Семинар барысында осы мәселелер кеңінен талқыланып, мұғалімдер өзара тәжірибе алмасып, кәсіби біліктіліктерін арттырды.