
Қалалық білім бөлімі 2025 жылы 19 ақпанда "Мен,сен,ол - бірге тату отбасы" жобасы аясында "Сөз құдыреті" атты дәстүрлі түрде жылда өтетін қалалық фестиваль-байқау өткізді. Байқауға 6 жастан 18 жасқа дейінгі қала мектептерінің оқушылары қатысты, олар үшін поэзия - ең жақын дос! Фестиваль- байқауға барлығы 60-қа жуық оқушы қатысты. Бұл іс - шараның мақсаты-жеке ерекшеліктеріне қарамастан, әдебиет саласындағы балалардың шығармашылық қабілеттері мен әлеуетті мүмкіндіктерін іске асыруға мүмкіндік беретін оңтайлы жағдайлар жасау. Барлық балалар қазылар алқасының мүшелеріне үздіктерді атап өтуге мүмкіндік бермей, керемет өнер көрсетті!
Қазылар алқасы конкурсты қорытындылады және бірауыздан барлық қатысушыларды қалалық білім бөлімінің грамоталарымен марапаттауға шешім қабылдады. Іс-шараның жеңімпаздары мен қатысушыларын құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!