
31 қаңтар күні Оқушылар шығармашылық сарайында Қазақстандық Ұлттық Юнеско клубтарының Федерациясы қолдауымен, ШҚО бойынша ЮНЕСКО клубтарының Қазақстан ұлттық федерациясы аймақтық өкілдігі, Оқушылар шығармашылық сарайының «Біз әртүрліміз-біз теңбіз» жобасының аясында республикалық деңгейде жүзеге асатын "Жылды жақсылықпен бастаңыз" акциясы өтті.
Іс-шараға «Ақ ниет» мектеп-интернаты мен № 15 орта мектебінің ерекше білім беруді қажет ететін оқушылары қатысты. Қызыққа толы бағдарлама барысында қатысушылар мультфильм кейіпкерлерімен бірге ойындар ойнап, би билеп, Оқушылар шығармашылық сарайының балалар шығармашылық бірлестіктерінің өнерін тамашалады.
Акция соңында қатысушылар кейіпкерлер мен бірге танымал трендті түсіріп, жағымды әсерде болды.