
29 қаңтар күні Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің жоспарына сәйкес №19 МҚББО КММ базасында «Мен, сен, ол – тату-тәтті отбасымыз» жобасының аясында
«Шығармашылық. Менің отбасым. Мен!» шығармашылық зертханасы өтті. Жұмысқа қосымша білім беру ұйымдары директорларының ОІ жөніндегі орынбасарлары мен педагогтары қатысты. Іс-шара қосымша білім беруде инклюзивті оқыту мәселелерінде кәсіби қызметті жетілдіру мақсатында өткізілді.
Татьяна Щербакова жетекшілік ететін «Малинки» вокалды-хор ұжымы қатысушыларға музыкалық сәлемін сыйлады.
Зертхананың пленарлық бөлімін білім бөлімінің әдіскері Тюлюкова Жанна Николаевна ашып, «Балаларға заманауи қосымша білім берудің инклюзивті әлеуеті» тақырыбында баяндама жасады.
Шығармашылық зертхана жұмысы бағдарламасының аясында «Жұлдыз» балалар өнер мектебі» КМҚК атынан шеберлік сағаттары ұсынылды. Спикерлер Харламова Елена Анатольевна мен Кучурина Марина Николаевна музыкалық логоритмика құралдарымен әлеуметтік эмоционалдық сауаттылық дағдыларын дамыту тақырыбын егжей-тегжейлі қарастырды.
«№1 балалар музыка мектебі» КМК атынан спикер болған Алексеева Елена Витальевна ЕББҚ бар балаларды фортепиано сыныбында оқытудың ерекшеліктері туралы айтып берсе, Дубейко Елена Анатольевна ЕББҚ бар балаларды сыныптан тыс жұмыстарға қатыстыру арқылы ішкі әлеуетін ашу тәжірибесімен бөлісті. подел
«Шығармашылық қобдишасы» блогын №19 МҚББО КММ Гармония қосымша білім беру орталығының педагогтары ұсынды. Кравченко Валентина Валерьевна бейнелеу өнерінен авторлық бағдарламасын ұсынды, одан кейін Советханова Айдана Байжановна әртүрлі жастағы ЕББҚ бар балалардың музыкалық орындаушылық қызметін ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті.
Іс-шара жылы достық атмосферасында өтті және ЕББҚ бар балалармен жұмыстың жаңа формаларын пайдалану мәселелері бойынша және білім алушылардың барлық санаттарының шығармашылық белсенділігін ынталандыру мәселесі бойынша білімді жүйелеуге ықпал етті. Зертхананың қорытындылай келе әріптестер өзара ашық диалог жүргізіп, келесі жылға Шығармашылық зертхананың жұмысын жоспарлады.