
2025 жылғы 22 қаңтарда ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№26 орта мектебі» КММ базасында 0-5 жыл өтілі бар (Я1,Я2) орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған қалалық семинар өтті. Семинарға орыс және қазақ тілдерінде оқытатын қала мектептерінен жас мұғалімдер келді. «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы белсенді тәсілдер» тақырыбындағы семинар аясында осы мектептің педагогтері сабақтарда белсенді тәсілдерді қолдану тәжірибесімен бөлісті, атап айтқанда: квест-ойындар, көркем шығармаларды талдау кезіндегі мерч және театрландыру, мәтінмен жұмыс жасауда жасанды интеллект, функционалдық сауаттылықты арттыру үшін буктрейлер. Жас мұғалімдер интерактивті тапсырмаларды құруды, сабақ идеяларын түрлендіруді, заманауи әдістерді қолдана отырып мәтіндерді талдауды және пәнге қызығушылықты дамыту және сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру үшін нейро желілермен жұмыс істеуді үйренді. Семинар білім мен тәжірибе алмасу алаңына айналды, әріптестерін ЖИ-ді тәжірибелеріне енгізуге шабыттандырды.