
2025 жылдың 6 -8 қаңтары аралығында республика бойынша бір мезгілде 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп оқушыларының республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.
Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері: Шығыс Қазақстан облысының дарынды балаларын анықтау, олардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту, оқушыларды республикалық және халықаралық олимпиадаларға қатысуға іріктеу және дайындау үшін қажетті жағдайлар жасау.
Олимпиаданың қалалық кезеңінің жеңімпаздары — облыстық кезеңге Өскемен қаласының мектептерінен 46 оқушы қатысты.
Олимпиада С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде, химия-биология ғылымдары Назарбаев Зияткерлік мектебінде өтті.
Қатысушылардың теориялық білімі мен тәжірибелік дағдыларын облыстағы жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары, профессорлары мен ғылым докторлары, Назарбаев зияткерлік мектебінің ұстаздары кірген, құзыретті қазылар алқасы бағалады.
Олимпиаданың 2 турының қорытындысы бойынша 46 қатысушының ішінен жүлделі орын иегерлері атанды: 7 оқушы бірінші дәрежелі дипломмен, 7 оқушы екінші дәрежелі дипломмен, 9 оқушы үшінші дәрежелі дипломмен марапатталды.
Шығыс Қазақстан облысының олимпиадалық құрама командасы сапында 1-орын алған №10,12 мектеп-гимназияларының, № 44 О.Бөкей атындағы лицейдің және
№ 39,23,24 жалпы білім беретін мектептердің жүлдегер оқушылары олимпиаданың республикалық кезеңіне қатысады..
Біздің команда «Үздік олимпиадалық команда» номинациясы бойынша Кубок пен 1-дәрежелі дипломға ие болды!
Олимпиада жеңімпаздарын, олардың ата-аналарын және ұстаздарын құттықтаймыз!