Педагог-психологтар қауымдастығының шығармашылық топ жетекшілерінің отырысы

Педагог-психологтар қауымдастығының шығармашылық топ жетекшілерінің отырысы

15.01.2025 ж. "№12 мектеп-гимназиясы" КММ-де шығармашылық топтардың жұмыс бағыттары бойынша кәсіби мәселелерді бірлесіп шешу мақсатында Өскемен қаласы мектептерінің педагог-психологтар қауымдастығының шығармашылық топ жетекшілерінің отырысы өтті. Педагог-психологтар ұсынған құралдар жиынтығы бойынша суицид қаупін диагностикалау және сауалнаманы пайдалану бойынша жұмыс талқыланды. Нәтижелерді өңдеудің дәйектілігіне, дұрыстығына назар аударылды.
Сонымен қатар, 2024 жылғы 4 шілдедегі №419 Оқу-ағарту министрлігі мен №170 Денсаулық сақтау министрлігінің бірлескен бұйрығы «Суицидтік мінез-құлық белгілері бар жасөспірімдерді анықтау және оларға одан әрі көмек көрсету үшін бірегей алгоритмді бекіту туралы» және өз-өзіне қол жұмсамақ болған балаларға көмек көрсету жөніндегі мемлекеттік органдардың іс-қимыл алгоритмі егжей-тегжейлі қаралды. Суицид жасау әрекетіне барған балаларға көмек көрсету алгоритмін сақтау және бірлескен жұмыс мәселелері талқыланды.