
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылдың 8 қаңтарында Заки Ахметов атындағы №16 орта мектепте «2024-2025 оқу жылында қала мектептерінің 11-сынып оқушыларының қорытынды аттестациясына дайындық» атты семинар-практикум өткізділді. Шараға қала мектептерінің тіл пәндерінің мұғалімдері қатысты. № 1, 9, 16, 33, Ахмер, Меновное – Г.К. Мусабаева, И.Д. Сулейменова, К.В. Добровольская, А.К. Атантаева, Т.А. Старостенко, С.А. Толибекова мектеп мұғалімдері өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Семинардың теориялық бөлімінде «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер оқушыларды ҚМА-ға дайындау бойынша жұмыс формалары мен әдістері көрсетілді. Семинардың практикалық бөлігінде мастер-классы тренинг және коучинг өткізілді.