Қорытынды аттестацияға дайындауға әдістемелік көмек көрсету мақсатында қалалық семинар

Қорытынды аттестацияға дайындауға әдістемелік көмек көрсету мақсатында қалалық семинар

Өскемен қаласы білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылдың 8 қаңтарында №16 Зәки Ахмет атындағы орта мектепте 11 сынып оқушыларын Қорытынды аттестацияға дайындауға әдістемелік көмек көрсету мақсатында , қала мектептерінің мұғалімдеріне семинар өтті. Шараға жаратылыстану-математика пән мұғалімдері қатысты. Математика пәнінің мұғалімдері Камитова Жадра Слямбекқызы (МЛ №3) , Булыжко Дарья Владимировна (ОМ №12) және Қайнолда Гүлнұр Қайдарханқызы (ОМ №15) өз тәжірибелерімен бөлісіп, ҰБТ мен МҚА тапсыру кезінде үлкен қиындықтар туғызатын есептерді шешу бойынша шеберлік сыныбын көрсетті.
Физика пәнінің мұғалімдері Насыр Әнуар (ОМ №1) мен Нуркешов Шинболат Естаевич (ОМ №26) ашық сабақ өткізіп, физика пәнінен есептерді шығарудың тиімді жолдарын көрсетті.
Сондай-ақ информатика пәнінің мұғалімдері Кузьмина Евгения Анатольевна (МЛ 11) мен Байрова Гүлназ Оралбекқызы (МЛ №3)информатика пәні мұғалімдеріне шеберлік сабағын өткізді.