
«Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын сыныптардағы тарих пәнінен білім сапасының алшақтығын азайтудың өзекті мәселелері: мәселелер мен шешу жолдары» атты коуч-тренинг.
2025 жылдың 8 қантарда тарих пәні мұғалімдерінің арасында «Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын сыныптардағы тарих пәнінен білім сапасының алшақтығын азайтудың өзекті мәселелері: мәселелер мен шешу жолдары» тақырыбындағы коуч-тренинг Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Заки Ахметов атындағы № 16 орта мектебі» КММ өтті.
Семинардың мақсаты: қазақ және орыс тілдерінде оқытылатын сыныптарда тарих пәнінен білім сапасын арттыру және тарих пәнінен білім сапасының алшақтығын азайту бойынша жұмыс формалары мен әдістерін таңдау бойынша тәжірибе алмасу.
Семинар жұмысына 54 педагог қатысты.