"Миссия: Жаңа Жыл" атты жаңа жылдық квест-ойын

"Миссия: Жаңа Жыл" атты жаңа жылдық квест-ойын

Қысқы демалыс күндері Оқушылар шығармашылығы сарайында "Жанұя" отбасылық жобасы аясында "Миссия: Жаңа Жыл" атты жаңа жылдық квест-ойын өтті.
Бағдарламаға үйірмешілер мен олардың ата-аналары қатысты.
Қатысушыларды сиқырлы саяхат күтіп тұрды, онда олар ән айтып, би билеп, логикалық мәселелерді шешіп қана қоймай, топта да жұмыс істеу дағдыларын көрсетті. Мерекелік атмосферада квестке қатысушылар Аяз Ата мен Ақшақарға Жаңа жылдың жоғалу құпиясын ашуға көмектесті.