“Дарынды балалармен жұмыс жасаудың заманауи тәсілдері” атты әдістемелік кеңес

“Дарынды балалармен жұмыс жасаудың заманауи тәсілдері” атты әдістемелік кеңес

2024жылдың 26 желтоқсанында ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен  №46 орта мектебінде “Дарынды балалармен жұмыс жасаудың заманауи тәсілдері” атты қала бойынша жалпы білім беретін мектептерінің директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарларына арналған әдістемелік кеңесі өткізілді. Кеңесте Өскемен қаласы білім бөлімінің әдістемелік кабинет жетекшісі Капчикова Н.Т.  және әдіскер Айкенева Д.Т.  дарынды балалармен бірінші жарты жылдықта атқарылған жұмыстарды талқылап, келесі жарты жылдыққа жоспар құрылды.  Сонымен қатар №10 мектеп-гимназияның және  №46 орта мектептің директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.