
2024 жылғы 10 желтоқсанда ШҚО білім басқармасының Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығында «Үздік психолог-2024» республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті. Байқауға 15 педагог-психолог, олардың ішінде - қалалық, аудандық кезеңдерінің жеңімпаздары мен облыстық білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.
Іс-шара кәсіби құзыреттіліктерді оңтайлы меңгеруді көрсететін дарынды, шығармашылықпен жұмыс істейтін психологтарды анықтауға, оларға қолдау көрсету және ынталандыруға бағытталған.
Байқаудың қорытындысы бойынша «Еңбек өтілі 5-7 жылға дейінгі психологтар» аталымы ІІ орынға Максакова Анастасия Сергеевна, ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 37 көпбейінді орта мектебі» КММ педагог-психологы ие болды. Құттықтаймыз!