Білім беру ұйымдарының оқушылары арасындағы «Robofree» қашықтағы облыстық байқауының қорытындысы

Білім беру ұйымдарының оқушылары арасындағы «Robofree» қашықтағы облыстық байқауының қорытындысы

ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы 2024 жылдың 01 қазанынан 09 желтоқсан аралығында білім беру ұйымдарының оқушылары арасындағы «Robofree» қашықтағы облыстық бейнероликтер байқауын өткізді.
Байқаудың негізгі мақсаты білім беру мекемелерінің оқушылары арасында техникалық модельдеуді танымал ету, робототехникаға қызығушылықты арттыру және логикалық ойлауды қалыптастыру болып табылады. Конкурсқа Өскемен қаласының мектептерінен 23 оқушы қатысты.
Сараптау комиссиясының бағалау нәтижелері бойынша жеңімпаздар анықталды:
10+ жас санаты арасында:
Бірінші орын – ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№11 мектеп-лицейі» КММ 3 сынып оқушысы Блинов Тимофей.
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!